Әскер • 26 Қыркүйек, 2024

Әскери кафедрада білімін шыңдайды

53 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздегі жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар жұмылдыру резервін толықтырып, запастағы офицерлер даярлауда маңызды мәнге ие. Дегенмен барлық білім ошағында бірдей мұндай мүмкіндік жоқ. Ендігі жерде ел аймақтарындағы осындай оқу орындарының студенттері үшін әскери білікті маман атану мүмкіндігі кеңейе түспек.

Әскери кафедрада білімін шыңдайды

Алматы қаласы­ның Радио­электро­ни­­ка­ және байла­ныс әскери-ин­же­нерлік инс­титуты сержанттар мен за­пастағы офицерлерді даярлау мақсатында ақылы оқыту­ға аза­мат­тық жоғары оқу орын­­­­дарының студенттерін қа­­­был­­дауды жал­ғастырады. Бағ­­­дар­лама бо­йынша әске­ри кафедрасы жоқ жоға­ры оқу орындары­­­ның сту­дент­тері оқи алады. Радио­элек­троника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының бірінші орынбасары, полковник Ержан Қабышев оқыту түрлі әскери пәндер арқылы ауқымды дайындықты қам­титынын айтады.

– Студенттер радиа­ция­лық, химиялық және био­логиялық қорғаныс, әскери топо­графия, атыс және саптық дайындық, жалпы тактика сияқты жалпы әскери пәндерді оқиды. Таңдаған мамандыққа байланысты пәндер басты назарға алынды.­ Қабылдау үдерісі бірнеше кезеңнен тұрады. Үміткерлер меди­циналық комиссиядан, пси­хологиялық тестілеуден, дене шынықтыру деңгейін тексеруден өтеді. Іріктеудің соңғы кезеңі – студенттер­дің оқу орындарындағы үлге­рімінің орташа балын конкурстық талдау. Іріктеудің барлық кезеңі бақылау комиссиясының қатаң бақылауында өтеді, –дейді Е. Қабышев.

Институтта студент­тер­дің теориялық білім алуына толықтай жағдай жасалған. Дәріс барысында инно­вациялық технологиялар қолданылып, практикалық сабақтар мен жауынгерлік даярлыққа айрықша мән беріледі. «Запастағы сержанттар»,  «запастағы офицерлер» бағ­дарламалары студенттерге әскери ма­мандық алуға ғана емес, сонымен қатар өздерінің кәсіби дағдыларын едәуір кеңейтуге ықпал етеді. Мұндай білік­тілік оларға азаматтық және әскери салада жаңа мүм­кіндіктерге жол ашпақ.

Запастағы сержант атағын алғысы келетін студент­терге оқу мерзімі – бір жыл, ал оның құны – 250 мың теңге. Запастағы офицер болуды жоспарлағандар 500 мың теңге төлеп екі жыл оқуы керек. Осы бағдарламалар бойынша екінші рет іріктеу өткізіліп отырғанын айта кеткен жөн. Өткен оқу жылында запастағы сержанттар бағдарламасы негізінде 62 адам білім алып, оларға «запастағы кіші сержант» атағы берілген.

Аталған оқу ошағы – радиотехника мамандықтары бойынша офицер-инже­нерлерді дайындайтын Орталық Азия аумағындағы тұңғыш әрі жалғыз жоғары білім ордасы. Жалпы алғанда, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты зенитті зымыран, радиотехникалық әс­керлер, авиацияны радиотехника­мен қамтамасыз ететін байла­ныс бөліміне білікті офицер­лер­ді, сон­дай-ақ әскерлер мен қару-жарақты басқару­дың авто­маттандырылған жүйе­ле­­­­­рі­нің инженерлерін даяр­лайды. Офицерлер-ра­дио­­­­­инженерлерді даярлау 5 ма­­мандық негізінде жүр­гізіледі.

Әскери ЖОО заманауи оқу-материалдық базамен қамтамасыз етіл­ген. Оқу аудиториялары мен зертханалары түрлі радиотехникалық стендтермен, компьютерлік және лингофонды техникалармен, симуляторлармен, сондай-ақ жаттығу кешендерімен жабдықтал­ған. Курсанттар теориялық білімдерін институттың оқу орталығында жетілдіре түседі. Болашақ офицерлер шынайы жауынгер­лік техникаларда тәжірибе­­­ден өтіп, радиолокациялық ­бекеттер мен байланыс әскери техникаларына қыз­мет көрсетеді.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда еліміздегі 40-қа жуық жо­ғары оқу орнының базасында әскери кафедра бар. Бұл кафедраларда жылына ­8 мыңнан аса запастағы офи­цер шыңдалып шықса, кейінгі 4 жылда 30 мыңнан аса студент лейтенант шенін алған.

 

АЛМАТЫ