Аймақтар • 06 Қазан, 2024

102 жастағы жетісулық кейуана дауыс берді

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп, таңдауын жасады.

102 жастағы жетісулық кейуана дауыс берді

12 рет құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады.

«Жасым 102-ге келді. Мен Президент сайлауында да өзім келіп дауыс бергенмін. Бүгін міне тағы да келдім. Бүгінгі маңызды күнде дауысымыздың аса құнды, пікіріміздің алтыннан қымбат екендігін ұмытпасақ игі еді. Себебі халық мемлекеттің басты қозғаушы күші», деп батасын берді кейуана.