Тағзым • 12 Қазан, 2024

Ақсұңқар ақын мұрасы

215 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сәкен – дәуір, Сәкен – ғұмыр.­ Бір өзі бүкіл ұлт тағ­ды­­рына тікелей әсер еткен атпал тұлғаның арда ең­бе­гі ел жадында. Жалтағы жоқ шын­шыл­дығымен, ақын­дық тәкаппарлығымен айдар­лан­ған қалам­гер­дің шоқ­ты­ғы уақыт пырағымен бірге биік­теп келеді.

Ақсұңқар ақын мұрасы

Астана қаласының мем­­ле­кеттік архиві ұйым­­дас­тыруымен қазақ­тың көрнекті ақыны, жазушы, мемлекеттік қайраткері, Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің ал­ғашқы төрағасы Сәкен Сей­фул­лин­­нің туғанына 130 жыл толуына ар­налған «Қазақ әдебиетінің ақ­сұн­қары» атты дөңге­­лек үстел өтті.

Іс-шарада алғашқы болып сөз алған С.Сей­фул­лин музейінің директоры, бел­гілі ғалым Марат Әбсеметов жиын­ның маңыз­дылы­ғына тоқталды.

– Бүгін ерекше күн, Сәкен баба­мыздың он құжатын мем­лекеттік архивке тап­сыр­­ғалы отырмыз. Сан қырлы тұлға жө­нінде жүздеген құжат бар, бүгін солардың алғашқы легін әкел­дік. Ақмола өңірі Сәкен­нің көп өмірі өткен жер, осында ол жас күнінде қазақ-орыс тілінде білім алды, асаудай алқын­ған жылдарын өткізді. Бүгін Сәкен­нің сирек құ­жаттарымен бірге біз­дің музей шығарған он томдығын ұсы­нып отырмыз. Оныншы том түрік тілін­де, Түркияның Егей университеті ақын­­ның «Асау тұлпарын» зерттеп, оны қыз­меткеріміз Алуа Тоқ­тар­баева моно­графия қылып жазып шықты. Міне, осы құнды жәдігерлерді сіз­дер­ге құрметпен ұсынамыз,–деді ол.

ва

С.Сейфуллин атындағы Қа­­зақ агро­­­тех­­­­­никалық зерт­теу уни­­­вер­си­тетінің тарих кафед­ра­сы­­ның мең­­герушісі Айнұр Алиак­ба­­ро­ва ме­рейтой қарсаңында жаңа кі­тап әзірлеп отырғандарын жет­­кіз­ді.

– Биыл Сәкен атамыздың 130 жыл­ды­ғына біздің университетте жыл бойы көптеген іс-шара болып өтті. Жас­тарға ақынның есімін таны­ту мақсатында уни­вер­ситет­тер арасында интел­лектуалдық ойындар өткізіп, жас жет­кін­шектердің тұлға­­тану­дағы аяқ алысына қуан­дық. Осы арқылы ұрпақты ұлтқа қызмет етуге, зиялы­лыққа тәрбие­леуге үндеп отырмыз. Биыл ме­рей­той қарсаңында үш тілде «Сәкен жолы» атты кітапты әзір­ледік. Кітап­­қа архивтің һәм мұра­жай­дың көп еңбектерін қол­дан­дық, алдағы уақытта көп­ші­лікке кеңінен таныстырамыз, – деді Айнұр Перне­­бекқызы.

 Аталған іс-шара барысында Сәкен Сейфул­лин хақында деректі фильм көрсетіліп, ақын­­ның шығар­машылық, қай­­рат­керлік қырлары көрі­ніс тапты. Астана қаласы мем­ле­кеттік архи­вінің директоры Жангелді Би­мол­дин тарихи тұл­ға туралы дерек­терді жүйелеу және қолже­тім­ділігін арттыру мақсатында Сәкен Сей­фуллинге қатысты құ­жат­тарды қабылдауға дайын екенін жеткізді.