Оқиға • Кеше

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының орталығында көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты

Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жетінші қабаттағы пәтердегі өрт ғимараттың шатырына өткен. Сағат 13:25-те жалын ауыздықталған.

«Оқиға орнында екі өрт сөндіру бөлімі құрылды, баспалдақтар арқылы өрт мониторлары жеткізілді. Тұрғын үй кешенінде адамдардың бар-жоғына барлау жүргізіліп жатыр. Өрт гидранттарына цистерналар орнатылып, үздіксіз сумен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізіліп жатыр», деді қалалық ТДЖ.