Аймақтар • 22 Қазан, 2024

Маман даярлау мәселесін талқылады

68 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылордада орта буын медицина қызметкерлері арасында денсаулық сақтауды жетілдіру, салада халықаралық тәжірибені ұштастыруды көздеген ғылыми конференция өтті. Конференция жұмысына облыс әкі­мінің бірінші орынбасары Данияр Жанали­нов сәттілік тілеп, қаты­сушыларға алғысын айтты. Іс-ша­раға арнайы келген Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Алмагүл Қауышева салада атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Маман даярлау мәселесін талқылады

Халықаралық конференцияда елi­мiз­дегi медицина кол­ледждерінің оқытушылары мен Латвия, Түркия, Қыр­ғызстан, Өзбекстан елдерiнен келген мамандар баяндама жасап, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алысып, тәжірибе алмасты.

Аймақ медицинасында да айта кетер жаңалықтар аз емес. Осы жылы ғасыр­ға жуық тарихы бар Қызыл­орда медициналық жоға­ры колледжінде оқу-зерт­ханалық, симуляциялық кабинеттер жаңғыртылып, емдік шөптер өсірілетін жылыжай ашылды. Халық­аралық іс-шара қонақтарына облыс­тық Денсаулық сақтау басқар­масының басшысы Олжас Ысқақов  30 000-нан астам орта буын медицина мамандарын даярлаған колледждегі виртуалды оқу ка­бинеті мен студенттер­ге тәжірибелік сабақ өткізу мақ­сатында ашылған жылыжай жұмысын таныстырды. Жылыжайға Іле Алатау бөк­теріне жерсіндірілген шетел және Қазақстан флорасы өсiмдiктерінiң 60-тан астам үлгісі әкелінсе, 43 түрі тұқымнан себілген.

Денсаулық сақтау саласына, оның ішінде кадр даярлау мен біліктілік жетіл­діру бағытындағы жұмысқа жергі­лікті бюджеттен бө­ліне­тін қаржы жыл сайын артып келеді. Атап айтсақ, соң­ғы 3 жылда медицина ма­мандарының білімін жетіл­діруге облыстық бюджеттен 532 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, 1 543 қызметкер білім деңгейін көтерген. Одан бөлек, облыс әкімінің грантымен резиндентурада 167 маман білім алып жатыр.

Бұл жұмыстар алдағы уа­қытта да жалғасын табады.

 

Қызылорда