Ауа райы • 27 Қазан, 2024

Қараша айында ауа райы қандай болады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» қараша айында қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтілетінін болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қараша айында ауа райы қандай болады

Айдың екінші жартысында аязды ауа райы болады. Суық ауа массалары енген кезде термометрлердің бағандары ең суық күндерде төмендейді:

  • республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта -15-24°С дейін, күндіз -7-12°С дейін;
  • батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде -3-15°С дейін, күндіз 0,-7°С дейін.

Суық күндердің орнына Орта Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының келуі әсерінен күндіз жылы болады:

  • республиканың басым бөлігінде +3+8°С дейін;
  • оңтүстік жартысында +8+15°С дейін.

Жалпы, қарашада ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында, қиыр батыста – 1° нормадан жоғары, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – 1° нормадан төмен болады деп күтілуде (Түркістан, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан, Абай облысында, Жамбыл және Алматы облыстарының оңтүстігінде).

Қараша айында жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде норма шамасында, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында нормадан көп (Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Атырау және Ақтөбе облыстарының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының шығысында, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының қиыр солтүстігінде), елдің оңтүстік өңірлерінде - нормадан аз болуы болжанады (елдің оңтүстік жартысында және Қарағанды мен Ұлытау облысының қиыр оңтүстігінде).