Оқиға • 30 Қазан, 2024

Алматыда көз жұмған күзетшінің өліміне қатысты тергеу қайта басталды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу бөлімі элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта өндіріс қалпына келтіріліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда көз жұмған күзетшінің өліміне қатысты тергеу қайта басталды

Фото: Видеодан алынған кадр

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті дереу қамауға алынған.

Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу сот-психиатриялық сараптамаға байланысты үзілген еді. Ал қазіргі уақытта өндіріс қалпына келтіріліп, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Сонымен қатар тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Алматыда Merkur Towers тұрғын үй кешенінің аумағында айуандықпен кісі өлтіру оқиғасы болған еді. Көлікке мінген ер адам алдымен күзетшіні бірнеше рет қағып, кейін оны ұрып өлтірген.