Президент • 31 Қазан, 2024

Президент Solidcore Resources plc компаниясының директорын қабылдады

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Solidcore Resources plc компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несисті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Президент Solidcore Resources plc компаниясының директорын қабылдады

Мемлекет басшысына бағалы және түсті металдарды барлау, игеру және қайта өңдеумен айналысатын ірі компанияның Қазақстандағы қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет беріліп, алдағы уақытқа арналған жоспары таныстырылды.

Президентке Solidcore Resources plc компаниясы Павлодар облысында «Ертiс ГМК» жаңа гидрометаллургия кешенінің құрылысын бастағаны жөнінде баяндалды. Болашақ зауыт жылына 300 мың тонна концентрат шығара алады. Құрамындағы алтынның үлесі 98 пайызға жуықтайтын Доре құймасын шығару жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Виталий Несис Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағандыда геологиялық зертхана салу жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы компанияның отандық өнеркәсіпке қажетті инженер мамандар даярлау мақсатында қабылдаған шараларының маңызы зор екенін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше