Президент • Бүгін, 16:53

«Бұл барлығына сабақ болуы керек»: Тоқаев әкімдерге ескерту жасады

18 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайын болмауына байланысты қала әкімі қызметінен босатылған Сарандағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл барлығына сабақ болуы керек»: Тоқаев әкімдерге ескерту жасады

Фото: freepik

Мемлекет басшысы жергілікті биліктің қыс мезгіліне тиісті деңгейде дайындалмағанын атап өтті.

«Жылыту маусымын мінсіз өткізу – өзекті мәселелердің бірі. Бұл менің ерекше бақылауымда. Саран қаласы ауа-райының суытуына дайын болмай шықты. Мұндағы үйлер жақында ғана жылу жүйесіне қосылған еді. Кемшілікке жол берген жауапты тұлғалар тиісті жазасын алды. Бұл барлық әкімге сабақ болуы керек. Жылыту маусымына дайын болмау басшылардың өз қызметіне сай келмейтінін көрсетеді», деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Саран қаласында орталық жылу көзі істен шыққан еді. Халықтың жаппай шағымдарына байланысты Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев аймаққа барды. Содан кейін жылусыз қалған 80-нен астам тұрғын үйдің барлығы ескі модульдік қазандықтарға қосылды.