Қоғам • 20 Қараша, 2024

«Талдау мектебінің» төртінші кезеңіне өтінімдер қабылдау басталды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Талдау мектебінің» төртінші кезеңі басталғаны туралы Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Талдау мектебінің» төртінші кезеңіне өтінімдер қабылдау басталды

Фото: instagram.com/maulen_ashimbayev

Айта кетейік, бүгін «Талдау мектебі» жобасының төртінші кезеңіне өтінімдер қабылдау басталды.

Мәулен Әшімбаев  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің орнықты дамуы жолында талдау тәсілдері маңызды рөл атқаратынын үнемі айтып келетінін еске салды.

«Осыған байланысты біз әріптестерімізбен бірлесіп, бірнеше жыл бойы жас мамандардың аналитикалық қабілеттерін дамытуға атсалысып келеміз. Бүгінге дейін жоба аясында мемлекеттік қызмет, ұлттық компаниялар, білім беру және ғылыми мекемелерде, сондай-ақ, өзге де салаларда еңбек ететін 200-ге жуық жас маман біліктілігін шыңдады», деп жазды Сенат Төрағасы.

«Талдау мектебінің» төртінші кезеңі 2025 жылдың 11 қаңтары мен 1 наурызы аралығында ұйымдастырылады. Дәрістер дәстүрлі түрде әр сенбі сайын өтіп отырады.

«Төртінші кезеңнің тақырыбы – «Мәліметтерге негізделген шешімдер қабылдау (Data-Driven Decision Making) процесіндегі талдау және цифрлық тетіктер». Қатысушылар сегіз апталық курстар аясында осы бағыттағы қолданбалы әдіс-тәсілдерді меңгереді. Мектеп қатысушыларына белгілі қазақстандық және шетелдік сарапшылар дәріс оқып, ментор ретінде бағыт-бағдар көрсетеді», делінген жазбада.

Жоба және байқау шарттары туралы толығырақ ақпаратпен Парламент Сенатының сайтында https://senate.parlam.kz/ru-RU/taldau/2025/apply, сондай-ақ, Талдау мектебі - Школа аналитики мен Сенат жанындағы Сарапшылар Клубының әлеуметтік желілердегі парақшаларында танысуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025