Сурет: zh-shugylasy.kz
Қор 2025 жылға арналған медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін бастады. Медициналық қызмет көлемін бөлуге мемлекеттік, жеке медициналық ұйымдар қатыса алады. Медициналық ұйымдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде денсаулық сақтау нысандарының дерекқорына енген болуға тиіс. Сондай-ақ олар ТМККК, МӘМС аясында медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу ережелерінің 37-1-бабы 1-тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы қажет. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева өтінімдердің қандай тәртіппен қаралатынын баяндап берді.
«Өтінімдерді қабылдау кезеңінен кейін комиссия мүшелері он күн ішінде ұсынылған құжаттардың медициналық көмек көлемдерін орналастыруға жіберу талаптарына сәйкестігін тексереді. Нәтижесінде, денсаулық сақтау нысанының талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы хаттама жасалады. Егер қандай да бір ескертулер табылса, клиникаларға оларды түзетуге үш жұмыс күні беріледі, содан кейін өтінімдер қайта қаралып, көлемдерді комиссиялық бөлу іске асады», – деді С.Пономарева.
2025 жылға арналған Медициналық қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес, медициналық көмек көрсетуге 2,9 трлн теңгеден аса қаражат қаралған. Оның 1,3 трлн теңгеден астамы – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін қызметтер.