Президент • 29 Қараша, 2024

Мемлекет басшысы Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына Баку қаласында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясының басты қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Президентке 3 желтоқсан күні Эр-Рияд қаласында өтетін One Water Summit халықаралық іс-шарасына әзірлік барысы баяндалды. Аталған саммит Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің және Сауд Арабиясының қолдауымен ұйымдастырылады.

Президент Қазақстанның экология, су ресурстарын және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы бастамаларын сапалы іске асыруды тапсырды.