Тағайындау • 09 Желтоқсан, 2024

Ұлытау облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Нұржан Қарақожаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Нұржан Қарақожаев 1976 жылы 10 желтоқсанда туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Жерді үйлестіру» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Әр жылдары әртүрлы қызмет атқарған. Атап айтсақ, Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің жетекші маманы, бас маманы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының бөлім басшысы және Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясында бөлім басшысы болған.

Соңғы жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің бас сарапшысы болған.

 

Соңғы жаңалықтар

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Алабұғаға да ауа керек

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Кенептегі ғасырлар сыры

Көрме • Бүгін, 08:15

Заңғар ақынның көлігі

Жәдігер • Бүгін, 08:05

Көне сарын күмбірі

Өнер • Бүгін, 08:00

Құныққан өсімқордың ақыры

Қоғам • Бүгін, 00:10