Фото: Polisia.kz
Ордабасы ауданында полиция қызметкерлері Арыс ауданы тұрғынының басқаруындағы Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан.
«Тінту кезінде жедел уәкілдер автомобиль салонынан 120 трамадол таблеткасы бар 4 полиэтилен пакетін тәркіледі. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен психотроптық зат таблеткалары бар тағы 1 пакет табылды. Алынған препараттың жалпы саны – 2416», делінген хабарламада.
Анықталғандай, күдікті Арыс ауданындағы медицина мекемелерінің бірінде қарауыл болып жұмыс істеген. Осылайша, дәрігер беретін рецепт бланкілерін пайдаланып, «Трамадолды» сатып алу үшін Шымкент қаласына барған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп және барлық мән-жай анықталып жатыр.