
Фото: pixabay.com
«Татуировка – тері астына бояуыштарды ендіру жолымен салынатын адам денесіндегі сурет. Ғұламалар татуировканың харам екендігіне бірауыздан келіскен. Ол – үлкен күнә. Өйткені ол Алланың жаратылысын өзгерту, көзбояушылық, қанның араласуы себепті нәжіс бояумен бояу, денеге зиян беру болып саналады», делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ ғұламалар кеңесі денеге сурет салуға тыйым салынатынын, мүмкіндік болса оны кетіру керектігін алға тартады.
«Тәубе етіп, суретті мүмкіндік болса кетіруі керек. Татуировканы кетіру денсаулыққа зиян болса, оны қалдырудың оқасы жоқ. Ол дәретке, намазға және имамдыққа кедергі болмайды», дейді мүфтият.