Оқиға • 05 Ақпан, 2025

Қосшы тұрғындарын 67 миллионға алдап кеткен әйел сотталды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйел қытайдан келетін арзан тауарларды ұсынып, 33 тұрғынның 67 миллион теңгеден астам ақшасын алдап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қосшы тұрғындарын 67 миллионға алдап кеткен әйел сотталды

Фото: Ашық дереккөз

«Атап айтқанда, 2023 жылдың қыркүйегінде азаматша WhatsApp мессенджерінде көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында топтар құрып,  төмен бағадағы тауарларды жарнамалаған. Қаражатты алғаннан кейін ол өз міндеттерін орындамай, алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған», деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

Қосшы қалалық сотының үкімімен азаматша алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін Қосшы қаласының кәсіпкері әлеуметтік желіде инвестиция салу туралы хабарландыруды көріп, алаяқтарға алданып 11 миллион теңгеден астам ақшасынын айырылған еді.