
Биыл алып тұлғаның туғанына 210 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай жарияланған мақалада ғалым қазақтың ақындық өнерін биікке көтерген біртуар дүлдүлдің еңбегін айшықты көрсеткен. Сондай-ақ уақыт өткен сайын ақын мұрасының көркемдік-эстетикалық байлығы мен құндылығы жарқырай түскенін көркем зерделеген.
Соған орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жанғара Дәдебаевқа «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған ақиық ақын Сүйінбай Аронұлы туралы мақаласы үшін Алғыс хат жолдады. Алғыс хатта Ерлан Тынымбайұлы ақындық өнер туралы қоғамдық, әлеуметтік маңызы терең ой айтқан мақала авторына ризашылығын білдірген. Осыған байланысты танымал әдебиеттанушы басылымға жолдаған хатында Мемлекеттік кеңесші мен «Egemen Qazaqstan» газеті ұжымына зор құрметін жеткізді.