Қоғам • 18 Ақпан, 2025

«Қазақмыс» Ұлытаудағы апаттың алдын ала себебін атады

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде болған қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақмыс» Ұлытаудағы апаттың алдын ала себебін атады

Фото: Pixabay

«Алдын ала мәліметтер бойынша, «Қазақмыс» корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды», делінген хабарламада.

Корпорация оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарына толық көмек көрсетіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 16:50-де «Жомарт» кенішінде тау жынысы опырылып, жеті жұмысшы үйінді астында қалған. Оқиға орнына Ұлытау және Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, оның ішінде кинологиялық топтар, Апаттар медицинасы орталығының мамандары және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі психологтары жіберілген.

Сонымен қатар оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жөнелтілген. «Қазақмыс корпорациясы» кабельдің үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс болмағанын мәлімдеген.