
«Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде болған төтенше жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырып жіберді. Апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Осы мәселеге байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеруді жүктеді. Сондай-ақ салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсету тапсырылды.
Алдағы уақытта тиісті шаралар қолға алынып, оқиғаның себептері анықталатын болады. Енді ешқашан елімізде мұндай қайғылы жағдай қайталанбасын деп тілейміз», деп жазды М.Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында.
Еске салайық, дүйсенбі күні «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішіндегі шахтада тау жынысы опырылған. Оқиға салдарынан 7 шахта жұмысшысы үйінді астында қалып қойған.
Бұған дейін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде болған қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атаған еді.