Ақтөбе • 19 Ақпан, 2025

Ассамблея Төрағасының орынбасары Ақтөбе облыстық активімен кездесті

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ақтөбе облыстық Ассамблея активімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ассамблея Төрағасының орынбасары Ақтөбе облыстық активімен кездесті

ҚХА-ның 30 жылдығын өткізу бойынша сұрақтар мен Ассамблеяның қоғамдық жобаларын іске асыру мәселелері талқыланған жиын барысында Ассамблея белсенділерінің бірлік пен келісімнің жолындағы жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге қосқан үлестері аталып өтті.

Аталған кездесу шеңберінде қатысушылар этномәдени бірлестіктер мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Ақтөбе әкімдігі