Басылым • 28 Ақпан, 2025

«Отбасы берекесі» – оқырман қолында

122 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада белгілі қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазының «Отбасы бере­кесі» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Сал­та­натты іс-шараға Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, қоғам қай­раткерлері Әділ Ахметов, Светлана Жалмағамбетова, Сайлау Батыршаұлы, академик Кәрімбек Құрманәлиев, бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Отбасы берекесі» – оқырман қолында

«Бұл кітапты жазуда әр қазақ отбасының босағасы кең, шаңырағы биік болсын деген ниетті мақсат тұт­тым. Кезінде бір жас келіншек менің жас отбасыға айтқан ақыл-кеңесімді тыңдап ажырасу райынан қайтқанын айтты. Осындай шынайы оқиғалар да «Отбасы берекесі» кітабын жазуы­ма түрткі болды. Отбасында ер мен әйелдің орны бала үшін маңызды. Ұлттық құн­дылық насихатталатын, отба­сылық ортадағы рухани бір­лікті арттыруға ықпал ете­тін туынды оқырманға ұнай­ды деп үміттенемін», деді Оразкүл Асанғазы. Қоғам қайраткері бұл жи­нағында өмір тәжірибесіне сүйеніп, от­ба­сын­дағы тәрбиенің маңы­зы­на, ата-ана мен ұрпақ ара­сындағы сабақтастық пен от­басылық береке­ні сақтау мәселеле­­­ріне жан-жақты тоқ­талады. Та­ғылымды жинақ үш тарау­ға бөлінген, әр та­рауда отбасы құн­дылықтарына, ұрпақ тәрбиесінің өзектілігі­не баса мән беріледі.

па

Жиында белгілі ғалым, дипломат Әділ Ахметов «Отбасы бере­кесі» кітабы болашаққа жаңа­дан қадам басқан жас отбасылар үшін таптырмас дүние екенін айтты.

«Бұл кітапты әуелі жастар оқуы керек. Жақсы мақсатқа ұмтылып жүр­ген жастарға кө­­бірек қажет. Автор­­дың өзі – жас­тарға үлгі. Жастарға ар­налған кітап болғандықтан, ене мен келіннің орны, балаға қандай ана болуы керек дегендей түрлі кеңес айтылады. Бір деммен оқылатын кітап. Кітапты жазу кезінде автордың ізде­нісі бай­қалады, отан­дық ғалымдар­дың еңбе­гіне үңілген. Тебіренбей оқы­мау мүмкін емес», деді Ә.Ахметов.

Алқалы жиынға келген зия­лы қауым өкілдері кітаптың қоғамдағы маңызына үңіліп, ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында Еркеғали Рахма­­диев атындағы Мемлекет­тік ака­­­­­­­де­миялық филармонияның Қазақ оркестрі ұжымының дирижері Нұр­лан Бекеновтің орындауында күй ойналып, өнерден шашу шашылды.