Оқиға • 03 Наурыз, 2025

ЖИ-дің зардабын 20 жылдан кейін көреміз - Дәулет Мұқаев

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мектеп оқушыларының жасанды интеллект құралдарын шектен тыс қолдануы білім сапасына кері әсер етуі мүмкін екенін айтып, шектеу қою мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЖИ-дің зардабын 20 жылдан кейін көреміз - Дәулет Мұқаев

Фото: Ашық дереккөз

«Технологияның дамығаны, әрине, жақсы. Бірақ уақыт өте келе миымыздың шектеліп, кішіреюіне алып келетін процес секілді. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының арасында ешқандай тапсырманы орындамай, жасанды интеллектке салып отыратындары бар. Мектеп жасындағы оқушыларға қандай да бір шектеулер қою керек секілді. Бұл да біздің ел үшін келе жатқан үлкен қауіптің бірі», деді депутат.

Оның айтуынша, егер қазір тиісті шаралар қолға алынбаса, 20 жылдан кейін бұл үрдістің салдары айқын сезілуі мүмкін.

Бүгінде жасанды интеллект құралдары оқушылардың үй тапсырмасын орындау кезінде кеңінен қолданылады. Бұл мәселе қоғамда түрлі пікір тудырып, білім беру жүйесінде жаңа реттеу тетіктерін енгізу қажеттілігі талқыланып жатыр.