Оқиға • 04 Наурыз, 2025

Сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жалпы сомасы 173,7 млрд теңгеге 98 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылады

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Министрдің айтуынша, қаржының басым бөлігін республикалық бюджеттен бөлу жоспарланған. Сонымен қатар Еуропа қайта құру және даму банкі есебінен 6,5 млрд теңге, Ислам даму банкі есебінен 24,4 млрд теңге бөлінеді.

«Жобаларды іске асырудың негізгі бағыттарының бірі – жалпы халық саны 423 мың адамды құрайтын 153 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін жыл соңына дейін топтық су құбырының 24 жобасының 12-сін аяқтау жоспарланып отыр», деді ол.

Сонымен қатар биыл 256 мың гектар жүктелген аумақты қамтитын 1953 шақырым суару каналдары пайдалануға берілмек. Аталған жұмыстардың жалпы құны 92,3 млрд теңгені құраған, бұл еліміздің аграрлық секторын дамытуға зор үлес қосады.

Соңғы жаңалықтар

Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 09:50

Жаңақорғанда макарон шығады

Өндіріс • Бүгін, 09:35

Дегдар сөз иесі

Жансарай • Бүгін, 09:30