Оқиға • 04 Наурыз, 2025

Астанада жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол апаты Ұлы Дала даңғылының бойында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан

Фото: t.me/astanovka98

«Маршруттық автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Ұлы Дала даңғылының бойымен келе жатқан автобус жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Екі жолаушы тексеруден өту және қажетті көмек алу үшін медициналық мекемеге жеткізілді», деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу кезінде абай болуға және жылдамдықты асырмауға шақырады.