26 Маусым, 2010

Парламент Мәжілісінің депутаты Ирак ЕЛЕКЕЕВ: БІP ЖУРНАЛИСТІҢ БОЙЫНДА БІPНEШE МАМАННЫҢ БІЛІГІ, КӨП АДАМНЫҢ ҚАСИЕТІ БОЛҒАНЫ ЖӨН

975 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
Ертең – Баспасөз, телевизия және радио күні – Ирак Қасымұлы, сіз біp сө­зіңізде мен жастайымнан журна­лист болуды армандадым деп айтып едіңіз. Оған себеп болған не нәрсе еді? – “Журналист” деген журнал­­ды ата-анам үйге жаздыртып алу­шы еді. Сол секілді “Новая время” деген журнал болды. Ол саяси мәселелерді жазатын-ды. Eкeyі де Мәскеуде шығады. Мен, әcіpece, “Журналист” журналы келгенше әр нөмірін асыға күтуші едім. Ол журналда танымал журналистердің өте таңдаулы, редакциялық алқа­ның сараптауынан өткен мақала, oчeрктеpі жарияланатын. Сол шақ­та ҚазМУ-дің деканы, соғыс ар­дагері Тауман Амандосов болатын. Аталған журналда оның да мақа­ласы жарияланады. Шіркін, сол азаматтардай журналист болсам-ау деп армандайтынмын. Мәскеу мемлекеттік университеті журфагы деканының да мақаласы шығып тұратын. Әcіpece, “Журналист” журналы та­лантты журналист Василий Пес­ковтың Жер шарының әр түкпі­рін­дегі ерекше көріністерін, таби­ғат­тың қызықты құбылыстарын, жан-жануарлардың әр түрлі қасиеттерін, хайуанаттар әлемі жайлы қызғы­лық­ты жазған мақалаларын жиі жа­риялайтын. Тайгадағы адамдардың өміp cүpyі, көрген қиындықтары шебер баяндалатын. Мен журна­лист болып, ел аралап, өте қызық­ты, ғажап оқиғалар жайлы жазсам деген қиялға берілетінмін. Жануар­лар туралы мақала жазу үшін олар­дың бүкіл қасиетін білуің қажет қой. Жан-жануарлар туралы жа­зыл­ған материалдарды оқып, мен сол көріністерді көз алдыма елес­те­тіп жүрдім. Мектепті орысша бі­тіpдім. Tіпті біp күні Василий Пес­ковка хат та жазған болатынмын. Онда оның мақалаларынан үлкен әсер алғанымды, өзімнің арман­дарымды баяндаған едім. Алматыға оқуға келдім. Арма­ным – журналистика факультетіне түсу. Біpaқ сол кезде еліміз бой­ынша біp-aқ журфак болды. Оған оқуға түсу өте қиын еді. Оның үс­тіне бұрын газеттерге шыққан он- шақ­ты материалың болуы тиіс екен. Осындай себептермен мен жур­факқа түсе алмай қалдым. Де­ген­мен, Алматыда қалып, Қазақ те­лестудиясына жұмысқа кірдім. Он­да қызмет істейтіндердің көбі жур­­налистер. Кейін “Қазақфильмде” қызмет еттім. Елімізге танылған сце­нарийшілер, режиссерлер бол­ды. Соның біpі Ілияс Жансүгі­ров­тің баласы Болат Ғабитов еді. Ол осыдан 3-4 жыл бұрын дүниеден озды. Мен сол Болат ағамен біpre жұмыс істедім. Ол атақты сцена­рист еді. “Қазақфильмде” қоюшы қызметін атқардым. Сол кездегі түсірілген кейбір фильмдердің тит­рін­де “қоюшы И.Елекеев” деп жа­зылып жүрді. Қазір ол фильмдер сақталды ма, білмеймін. Роза Жа­манова, Бибігүл Төлегенова сияқты халық әpтіcтepі туралы біp жарым сағаттық фильмдер түсіргенбіз. – Ол фильмдер сол кезде көгілдіp экраннан көpceтілді ме? – Иә, 1960-70-жылдары бір­неше рет көрсетілген. Мен ол кезде жаспын, ерекше қызығушылықпен, зор ынтамен қызмет еттім. – Сөйтіп, журналистіктің дәмі бұйырмады деңіз. – Иә, журналистік жолға түсе алмай, заң факультетін бітіріп, заң­гер болдым. Атырау облысы өңі­рінде әділет басқармасы саласында қызмет еттім. Кейін сайлауға түсіп, Мәжіліске депутат болып сайлан­дым. Депутат болған соң, пікір айта­сың. Ойыңның жұртшылыққа жеткенін қалайсың. Елдің жағдайы, заңның ой-шұқырлары туралы айт­қан пікірлерімді газеттер жариялап жүрді. Депутаттың айтқан ойын мық­ты журналистер жалғастырып, қо­ғамның дамуымен байланыс­ты­рып, оқырмандарға жеткізе білеті­нін сол кезде анық аңғардым. Жалпы, журналист болу оңай емес. Көптеген сала бойынша мол тү­сінігің болуы қажет. Бір жур­на­листің бойында бірнеше маманның қабілеті, көп адамның қасиеті болғаны жөн. Мәжіліс аппаратының басшысы болған тұсымда журналистермен бай­ланысты нығайту бағытында бі­раз істер атқаруға талпыныс жасал­ды. Өйткені, қабылданып жатқан заңдар халыққа жетуі керек. Жет­кі­зетін кімдер? Әрине, журна­лис­тер. Мәжілісте талқыланған заң жобалары, олардың мақсаты ха­лыққа дер кезінде жетпесе, заң шығарушы орган мен халықтың арасында пікір алшақтығы пайда болады. Қоғамға қажеті шамалы заңдар қабылданады. Біз ол кезде депутаттардың қызметі жайлы жа­зылған материалдардың көшірмесін жасап, “Парламент – БАҚ наза­рында” деген айдармен тақталарға жариялап, іліп қоюшы едік. Бас­пасөз қызметіне осындай тапсырма берілді. Және де мынау мемле­кеттік, анау оппозициялық газет деп бөлген жоқпыз. Бәрі де ел кө­ретін жерде ілулі тұрды. Үнемі жа­ңартылып отыратын. Тіпті депу­таттар жайлы облыстық газеттердің жазған материалдарын да көрсетіп қоятынбыз. Депутаттарға қатысты сын материалдар болса, олар да ілулі тұрды. Журналист шындықты жазса, ол газетті оқыған депутаттың өзіне де сабақ болады. Кейін жина­лыста сөз сөйлегенде кемшіліктерге бой алдырмау қажеттігін ескереді. Өзге әріптестері де бұдан үлгі ала­ды. Журналистің жазған әділ сыны әрбір адамды өз қызметінде ұқып­ты, таза болуға, мәдениетті жауап беруге бағыт сілтейді. Өзің білесің, кейбір елдердің пар­ламенттеріне қарапайым адам­дар кіріп, депутаттардың не айтып жатқанын тыңдауға болатындай жағдай жасалған. Ал бізде ондай мүмкіндіктер қарастырылмаған. Сон­дықтан мен сол тұста бір ұсы­ныс айттым. Ол кезде Парламент ескі ғимаратта еді. Ғимарат алдын­дағы орталық алаңға үлкен экран қойып, жиналысты тікелей көрсе­тетін жағдай жасайық дедім. Бұл пікірімді біраз адамдар қолдады да. Қай депутат не айтып жатыр? Қан­дай мәселе көтерілуде? Ел білсін. Бар­лық адам тыңдап көрсін. Әсіресе, ол кезде “Ана депутат не бітіріп жүр?” деген сауалдар жиі қойылатын. Мен бір жолы Чехияға іссапар­мен барғанда, сол елдің бір арнасы түгелдей депутаттық корпустың қызметін көрсететініне куә болдым. Күнде де, түнде де әлгі арна пар­ла­ментте өткен отырыстарды то­лық­тай көрсетеді. Мұндағы мақсат не? Әр адам “Бүгін парламентте қан­дай мәселе талқыланып жатыр? Ма­ған қажеті болса, қарайын. Ке­регі шамалы болса, өзге арналарға аударармын”, – демей ме? Сон­дық­тан Парламентте талқыланып жат­қан заңды халық білуі тиіс. Жи­налыста қозғалған мәселенің бәрін газетке жаза алмайсың. Газетте қыс­қаша ақпарат беріледі. Теле­ар­налар бір-екі минуттық сюжет көрсетеді. Осыған қарап, кейбір адамдар Пар­ламенттің жиналысы жарты сағат болғандай ой түйеді. Өзің білесің, кейде таңнан кешке дейін, кейде екі-үш күнге созы­латын отырыстар болады. Әсіресе, респуб­ликалық бюджетті талқы­лаған кездерде отырыстар ұзаққа созылады. Депутаттар тарапынан жина­лыс­та көп ұсыныстар айтылады. Ол сол күні қолдау таппағанымен, уа­қыт өте келе дұрыс ұсыныс болуы ықти­мал. Депутат белгілі бір заң­намаға қатысты өзінің көзқарасын таны­тады. Оны да халық білуі қа­жет. Байқап жүрмін, кейбір тә­жірибелі журналистер депутат­тар­дың өзгелер­ден ерекше айтқан пі­кір­лерін бірден қағып алып, жария­лап жүр. Бір жолы Ақтөбеге іссапармен барсам, жергілікті “Рика-ТВ” те­леарнасы Мәжілісте өткен жина­лыс­ты көрсетіп жатыр. Мен өз таң­данысымды жасырмадым. Телеар­на­ның Астанадағы тілшілері мате­риалдарды дайындап, ұшақ арқылы Ақтөбеге жіберіп тұрады екен. Қа­зір мұндай тәжірибені Орал қала­сындағы “ТДК-42” және “Алматы” телеарнасы қолданып жүр. Елі­міз­дің көптеген өңіріндегі телеарналар Парламенттен осындай хабарлар көр­сетіп, қабылданып жатқан заң­дар жөнінде тұрғындарға мол мағ­лұмат жеткізіп отырса, халықтың заңдар бойынша біліктілігі арта түсер еді. Заңды тереңірек білген халық өзінің құқықтарын ешкімге таптатпайды. Кейбір адамдар “Парламентті қой­шы, депутаттар ештеңе істе­мей­ді, заңдарды қабылдап, мақұлдайды да отырады”, деген жаңсақ пікірге бой алдырады. Мен Парламент қызметін біраз білемін. Негізгі жұ­мыс – палатаның жалпы отыры­сын­да жасалмайды. Жұмыс топта­ры­ның отырыстарында үлкен тал­қы­лаулар өтеді. Ал оны кім біліп жа­тыр? Көп адам білмейді. Мәсе­лен, заң жобасы бойынша құрыл­ған жұмыс тобының талқылауына министрлік өкілдері екі күннің бі­рін­де келіп, заң жобасының бап­тары, ұсынылған түзетулер бой­ынша түсінік береді. Басқа мем­ле­кеттік органдардың жауапты адам­дары да қатысады. Күнде бірнеше заң жобасы жұмыс топтарында қаралып жатады. Депутаттардың қо­сатын жаңа ұсыныстары да аз бол­майды. Ол заңымызға сәйкес ке­ле ме, жоқ па, оған да жауап бе­ре­міз. Ал оған кім баға беріп, ай­тып жатыр? Қандай мәселелер көтерілгенін ешкім білмейді. – Қазіргі журналистердің жетістігі туралы не айтасыз? – Бүгінгі таңда қалам иелеріне мүмкіндік мол ғой. Бұрын үлкен жиналыстарға журналист тек қалам мен блокнот ұстап баратын. Дик­тофон деген ешкімде болмайтын. Облыстық, республикалық деңгей­де өткен партия жиналыстарында мінберге шыққан адамдардың сөзін қойын кітапшасына түртіп алып, сол бойынша көлемді мақала жа­зып, ертеңіне газетке жариялайтын. Қазір ғаламтор да журналистердің қызметіне көп септігін тигізеді. Қа­жетті мағлұматтарды алуыңа бо­лады. Журналиске керек басты қа­сиеттер – еңбекқорлық, ұқыпты­лық, жауаптылық. Деректер мен мә­ліметтерді бергенде өте қы­ра­ғылық танытуы қажет. Өйткені, оның жазғаны елге түгел тарап кетеді. – Журналистердің қандай кемшілігін байқап жүрсіз? – Кейбір журналистер болған оқиғаға, лауазымды адамдарға өзі баға беріп, өз пікірін халыққа жа­рия етіп отырады. Менің ойымша, журналист болған оқиғаны сол күйінде жеткізіп, оны өзге адам­дардың пікірлерімен толықтырып отырғаны абзал. – Журналистердің қызметін жақсарту үшін не істеген жөн? – Қазіргі нарық кезінде ба­сы­лымдардың меншік иелері де өзге­ріп кетті. Кейде басшылары ауы­сып, редакция ұжымы түгелге жуық жаңарып жатады. Оның бәрі жұ­мыс сапасына кері әсерін тигізбей қоймайды. Мұны айтып отырға­ным, бізге қарапайым журналис­тер­ден көптеген арыз-шағымдар ке­леді. Әсіресе, облыстардағы мен­шікті тілшілер еңбекақысын, қа­ламақы­сын ала алмай арызданады. Кейбір басылымдар меншікті тіл­ші­леріне 20 мың теңге көлемінде ай­лық қояды. Ал мұндай ақшаға жур­налист қалай өмір сүреді? Қан­дай шығарма­шылық нәтиже болады? Жалпы, барлық өнердің адамы қамқорлықты, шынайы құрметті қажет етеді. Жазушы мен ақынға, журналиске жазу үшін шабыт ке­рек. Ал табысы шабысына жетпей жүрсе, қандай шабыт болмақ? Ке­ңес өкіметінің 1970-90-жылдарында өнер адамдарына қаламақы қою жүйесі дұрыс жолға қойылған еді. Газетке мақала, шағын ақпарат жаз­ған ауылдың әрбір адамына дейін қаламақы төленіп тұрды. Сол себепті газеттің көптеген авторлары болды. Сапалы дүниелер жария­лан­ды. Ал қазір жағдай басқаша. Ба­сы­лымның меншік иесі қалай шеш­се, қызметкерлеріне ақы да солай төленеді. Мен қанша жазса да, қа­ламақы алмайтын, тек ке­лі­сім-шартта белгіленген еңбекақысын ғана алатын журналистерді білемін. Қаламақы журналиске шабыт береді. Сондықтан БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізілгенде, осы жағы ескерілуі қажет деп есептеймін. – Журналистердің төл мере­кесіне орай тілегіңіз? – Журналистердің кәсіби ме­рекесі – еліміздің мәдени өмірін­де­гі мәні зор айтулы оқиға. Ақ­парат құралдары қоғамдық өмірдің қым-қуыт тіршілігін, сүйікті Ота­нымыз – Қазақстанның жыл сай­ынғы жаңа белеске көтерілген қа­рышты қадамын сергек те шынайы тұрғыда барша әлемге танытып келеді. Ел өміріндегі игі істерге жар­шы болған ерен еңбектері әр­қа­шанда табысты болсын. Қадірі ар­та берсін. Журналистердің Қазақ елі­нің бүгіні туралы жазған ең­бектері ертеңгі күні тарих беттеріне жазылатыны анық. Сондықтан асқан шығармашылық белсенділік танытып, биік межелерге қол жеткізе беруіне тілектеспін. – Рахмет әңгімеңізге. Әңгімелескен Айбатыр СЕЙТАҚ, журналист.