Туризм • 14 Наурыз, 2025

Өткен жылы Алматыға 1,7 миллион турист келген

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсім көрсеткен. Бұл туралы Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Алматы қаласының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен жылы Алматыға 1,7 миллион турист келген

Фото: ilyas-dautov/unsplash

Оның айтуынша, 2024 жылдың тоғыз айында Алматыға 1,7 миллион турист келген, оның 1,2 миллионы – ішкі туристер, ал 500 мыңы – шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға көп екені белгілі болды.

«Алматы қаласының туристік инфрақұрылы қарқынды дамып келеді. 2024 жылы мегаполистегі орналастыру орындарының саны 366-ға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 орынға көп. Туристік орналастыру саласында көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 70 миллиард теңгеге жетті», деді Ержан Еркінбаев.

Айта кетейік, өткен жылы мемлекет тарапынан туризмді қолдау көлемі 2,5 есе артқан. Мемлекеттік бағдарлама аясында 32 жобаға қолдау көрсетілген. Оның ішінде туристік нысандар құрылысы, қонақ үй қызметін жақсарту және көлік құралдарын дамыту шаралары бар.

Сонымен қатар Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 мемлекет ішінде 52-орынға ие болған.