Оқиға • 02 Сәуір, 2025

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі 7 жасар баланы қағып кетті

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы жағдай Алматы қаласының Алатау ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі 7 жасар баланы қағып кетті

Фото: Ашық дереккөз

Renault маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Боралдай көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтпек болған жеті жасар қызды қағып кеткен. Қыз бала алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, барлық қажетті сараптамалар жүргізілетінін хабарлады.

«Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық сараптамалық зерттеулер жүргізіледі», деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35