Қоғам • 15 Сәуір, 2025

Қазақстандықтарға 1 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен ел азаматтарына 1 трлн 44,3 млрд теңгеге зейнетақы төленген, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға 1 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді

Фото: Ерлан Омар

Базалық зейнетақы төлеуге – 337,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 706,7 млрд теңге жұмсалған.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 465 мың адамды құраған.

«2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге болды», делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.