03 Шілде, 2010

ӨНЕР ДЕ БАЛА СИЯҚТЫ, СЫЛАУМЕН ӨСЕДІ

589 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
Бейбітшілік және келісім сарайында Астана қаласының тойына арналып өткен әлемдік опера жұлдыздарының гала- концертіне Премьер-Министр К.Мәсімов қатысты. Бұл концертті көруге келген­дердің жүздері алаулап, соншалық­ты ғажайып сезім құшағында бол­ғанын көрсеңіз ғой. Қазақ мұндай­да көрген де арманда, көрмеген де арманда дейді. Әне, концерттен кейін әлгіндегі бойды билеген му­зы­­ка құдіретінен арыла алмаған жұрт бір-бірімен даурығыса ой бө­лі­­­сіп барады. “Ой рахмет. Бізге осындай ән кешін тарту еткен” дейді олардың бірі. Ду еткен жас­тар оны қоштай кетіп еді, іле “Осы біз кімге рахмет айтып келе­міз” деді ендігі бір үн иесі. Бұл сөзге өз­гелері абдырап қалған жоқ. “Тәуел­сіздікке рахмет. Елордамыз Аста­наға рахмет деп келеміз” деп жа­мырай үн қатты. Жастар дұ­рыс айтады. Бұл, әри­­не, тәуел­сіз­дік­­тің арқасы. Ар­қа төрінен орын тепкен қа­зақ­тың жас қа­ласының мерейі. Бұ­рын­дары мұн­дай жұл­дыздар шоғыры қазақ еліне келіп па еді? Ондай өнер иеле­рін өз көзі­міз­бен көріп, өз құ­ла­ғы­мызбен тыңдауға мүм­­кіндігіміз болып па еді деп іштей әлгі жас­тардың әңгімесін кез­дей­соқ құлағы­мыз шалған біз де жы­лы жыми­ған­быз. Ау, баста­лма­ған кон­цертті аяқ­тап жатқаны қалай деп отыр­ған болар оқыр­ман. Асықпаңыз, аға­­­йын. Алды­мен әңгі­мені осы бір жайттан, кез­дейсоқ ұшы­расқан бір топ жастардың ықылас-пейілінен бастауы­мыз­дың себебін іздегенде, сонау 80 жылдары одақ­тың астанасы Мәскеуге бар­ған іссапар еріксіз еске түсіп отыр. Иә, біз бұл сапарға Мәскеудегі ком­сомолдың жоғары мек­тебінде бірер айлық курс­тан өтіп, білім кө­­теруге бар­ған­быз. Бекер обалы не керек, онда тыңдаған лекция­­мыздың бірінен-бірі қызық бол­ды. Сонда бір мұға­лім аудиторияда отырған бізді өз лекция­сында үш топқа бөлді, де былай деді: “Қазір осы отырған үш топтағы адам­дардың барлығы ашық кос­моста­сыздар. Алайда, корабльдері­ңіз істен шық­қан. Қолдарыңызда бума-бума ар­қан мен шам және компас бар. Жермен байланыс мүлдем үзілген. Барлық құрал-сайман да жұмыс істемейді. Бұл сырттан келетін еш көмек жоқ деген сөз. Сіздерге қо­йы­латын талап сол, өзара ақыл­да­сып, жерге аман-есен жетудің жо­лын іздеңіз­дер” деді де өзі сонау жердегі орындыққа барып отырды. – Ол мүмкін емес қой. Ашық космоста кораблің істен шықса, өлуден басқа жол жоқ – дейміз біз. – Өлмеудің жолын іздеңіздер – дейді әлгі кісі қасарысып. Жолын ізде деген соң бұл сөзді жайдан-жай айтпаған болар деп бәріміз даурығыса тығырықтан шы­ғу­дың амалын қарастырған бо­лып жатырмыз. Әрине, ешкім он­дай мүмкіндікті бар деп те ойла­ма­ды. Сөйтсек, бұл тестің мақсаты мүлдем басқа екен. Яғни, оның мақс­аты – осы үш топтан қара үзіп, өзіндік жол іздеуге талпына­тын лидерлерді анықтау болып шықты. – Апыр-ай, бар болғаны сол ғана ма? – дейміз біз әлгі мұға­лімге абдырай қарап. – Иә, бар болғаны сол. Жұрт­ты қандай сәтте де сол әрекетшіл адамдар, яғни лидерлер тығырық­тан алып шығады деп ол да бой бермейді. Дәл сол сәтте оны біз оқу өтіп кеткен біреуге жоры­ға­нымыз да рас. Сөйтсек, оның сөзі­нің жаны бар екен. Оған өз алды­мызға тәуелсіздік алып, жеке мем­л­екетімізді құрған кезде көз жет­кізе түстік десем де болады. Құдайға тәубе, қазақтың бағы­на туған Елбасымыздың дұрыс жол сілтеуімен Қазақстан бүгінде әлем таныған айтулы елге айнал­ды. Шерағаңның сөзімен айтсақ, Елбасы елге тіреу болды. Ал сана­лы ер азаматтардың әрқайсысы өз саласында сол тіреуге сүйеу бола білді. Бүгінгі әңгімеміздің төркіні өнер болғандықтан да біз сөзді өзімізге етене таныс осы сала жайында өрбітсек дейміз. Иә, қазақ басы­нан не кешпеді десеңіз­ші. Өктем­діктің де, озбырлықтың да сан түрін көрді. Сонда да жасымады. Мұн­дай рух құдіретінің түп-тамы­ры халықтың рухани қазынасында жатқанына көздері жеткендер өнер­ді жұтатуға, оны өздеріне қыз­мет еткізуге белсене кірісті. Яғни, саптыаяққа ас құ­йып, сабы­нан қарауыл қарап отырғандар елдің рухани санасын дамытатын қадам­дарды тежеп отырды. Әйтсе де, ұлт жанашырлары көзін тауып, мүм­кін­дігінше елге, өнерге қызмет етуге тырысты. Әріден ойлайтын, көкжиектің ар жағындағыны көре білетін Ілияс Омаров, Өзбекәлі Жәні­беков сияқты азаматтар оз­быр саясатқа руханияттың алтын арқауын үзуге жол бермей, ел санасына сәуле себе білді. Соның арқасында қазақ руханияты тамы­рынан қиылмады. Ал өз алдымыз­ға тәуелсіздік алған тұста осы­лайша көркі қашқан бұл саладан мүлдем күй кетті. Өнер адамдары қайыршыға айналуға шақ қалды. Ал қалың қауым болса тек қарын­ның қамын ғана күйттеп кетті. Міне, осындай тұста ішкі әлемі жадау халық өз алдына ел болып жарыт­пасын түсінген, соған қайт­сем сеп боламын деп түн ұйқысын төрт бөлген қадау-қадау азаматтар көріне бастады. Ерді еңбегі таны­тар деген ғой, Иманғали Тас­ма­ғам­бетов, Мұхтар Құл-Мұхаммед сияқты ұлтжанды азаматтардың іргелі ізденістеріне сүйсінген жұрт бар мәселе өзімізде, яғни әрқай­сымыздың қам-қарекетімізге көп нәрсе байланысты екенін түсінді. Бұл азаматтардың ісі өнегелі бо­лып, рухани саланың өресін кө­теру­ге ат салысушылар ел ішінде көбейе түсті. Міне, осы үрдіс бү­гін­де де жалғасып жатыр. Соның арқасында руханият әлемінің тамырына қан жүгіре бастады. Осы арада бір қадап айта кететін жайт, ұлттық өнерімізді дамыту­мен қатар өзгені танып-біліп, өзі­мізде барды жарқыратып көрсетуге де бет бұра бастадық. Бұл арада осындай іргелі істердің бәрін тізбелеп жату мүмкін емес. Оның бәрін айтуға газеттің мүмкіндігі де көтермейді. Бір жағынан сол жүзе­ге асқан, асып жатқан өрелі істер онсыз да жұртшылыққа бел­гілі деген ойдамыз. Олай болса, біз бүгін бір ғана жайтқа тоқталатын болсақ, осымен Астанада бесінші рет өтіп отырған “Опералия-2010” фестивалін елдік таным мен елдік сананы өсірудің табылған тәсілі деп білеміз. Себебі, бүгінде дәс­түр­ге айнала бастаған бұл шара өнер адамдарының кәсіби таным-түсінігін, шеберлігін шыңдасақ, өзгеден үйренулеріне жол ашсақ, сондай-ақ қалың көпшіліктің рухани санасының тұйықталып қалмауына, жан сарайын желпін­тіп тұруларына мүмкіндік тудыр­сақ деген қадам екенін әрбір өрелі адам біліп те отырған шығар. Ал мұндай өз ұлтың үшін еткен еңбек түбінде өз жемісін еселеп береді десем, түпкі көздеген мүдде де осы. Ұлтымыздың жан-жақты рухани дамуы. Ал енді негізгі әңгімеге орал­сақ, “Әлемдік опера жұл­дыздары” фес­тивалі биыл жұрт­шылыққа ХХІ ға­сырдың ең үздік те­норы атанған Хо­се Кура (Арген­тина), күміс көмей әнші Барбара Фрит­­­толи (Италия) және бү­гінде ең таны­мал дири­жер­лердің қа­тарынан табыла­тын жер­лесі­міз Алан Бөрі­­баев­тың өнер­лерін тамашалауға мүм­кіндік берді. Осы арада аса таны­мал жұл­дыздар шо­ғы­рымен оқырманды аз-кем таныстыра кеткен жөн шығар. Иә, Хосе Кура­ның бұл сапары біз­дің елімізге тұң­ғыш рет келуі. Бүгінде әлемнің ең таңдаулы сах­на­ларынан өнер көр­се­тіп жүрген оның ең алғашқы дебюті Умберто Джорданоның “Фе­дора” опера­сында әлемге әйгі­лі Мирелла Фре­нимен қосылып дуэт орындауы еді. Одан әрі дауы­сына келбеті сай әнші көп ұзамай Джузеппе Верди­дің “Аида” опера­сында науқас­танып қалуына орай қатыса алмаған Лучано Паварот­тидің өзін алмастыруға қол жет­кізеді. Сөйтіп, ол Радаместің рөлін биік деңгейде алып шығады. Міне, осыдан кейін-ақ Хосенің желі оңы­нан со­ға­ды. Бүгінде оған му­зы­ка білгір­лері “Әлемнің төртінші теноры” деген атақ беріп отыр. Бұл Лучано Паваротти, Пласидо Даминго, Хо­се Каррерас сияқты жарық жұл­дыздардың қатарына қосылуы, оны әлемнің мойындауы деген сөз. Музыка маманы бол­ма­ған­дық­тан, біз бұл пікірге өз та­ра­пы­мыздан ешнәрсе қоса ал­мас­пыз, тек қарапайым көрермен ре­тінде айтарымыз, әннің ішкі таби­ғатын ашуға барынша мән беретін Хосе­нің дауыс ырғағының лезде сан құбылып, жүзіндегі әр сәттік өз­­герістермен, қимыл-қозғалы­сы­мен астасып, мейлінше тыңдау­шы­сын ұйытып тастайтыны тәнті еткен. Варвара Фриттолидің есімін де өнерсүйер қауым өте жақсы біледі. Оның да репертуары мейлінше бай. Бұл арада Варвараның “Отел­ло” операсында Пласидо Домин­го­мен, Лео Нуччимен бір сахнада тұрып Дездемонаның рөлін ой­науы­ның өзі де біраз жайтты айтып тұрған жоқ па. Жай қатар­дағы әншінің атақты Ла-Скала театрының төрінен ән салып, та­лай дүлдүл мен бұлбұлдарды көр­ген музыка мамандарын мо­йын­датуы тіпті де мүмкін емес жағдай. Ал құдай берген табиғи дарынын сахна драматизміне үйлестіре білетін Варвараның дауысын бір рет болса да тыңдауды арман­дайтындар әлемнің әр түкпірінде жетіп артылады. Музыкатанушылардың ай­туын­ша, көптеген операларда бас­ты рөлді сомдап жүрген Варвара В.Моцарт пен Дж.Вердидің музы­касын өзгеше сүйіп айтатын көрі­неді. Бұл “осалдығы” осы жолы да бай­қалмай қалған жоқ. Қазақ сах­насынан Варвара орын­даған ән­дер­­дің қатарында В.Мо­царт­тың “Дон Жуан”, Дж.Верди­дің “Отел­ло”, “Трубадур” сияқты жауһар туын­дыларынан үзінділер де бол­ды. Айтса айтқандай, оның үнінің тау суындай тұнықтығы, ән сөзі­нің нақтылығы мен үнінің әуезді­лігіне мән беретіні бізді де тәнті еткен. Ал енді өнер бәсекесінің алдын бермей келе жатқан өз жерлесіміз Алан Бөрі­баевтың жас­тығына қарамас­тан, әлемнің ең таң­даулы дири­жерлерінің қатарына қосыл­ғаны өзімізге белгілі. Ол туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Кезінде Алан­ның тыр­нақалды та­быстары жөнінде өзі­міз де оқыр­­­­манға қуа­на ха­барлағанбыз. Одан бергі кезеңде, міне, оның ел мақ­таны­шы­на айнала бас­тағанына да куә болып келеміз. Бұл жолғы кон­цертте Алан Бөрі­баев К.Бай­сейітова, атын­дағы опе­ра және ба­лет теат­рының ор­кестрі мен хоры­на бастан-аяқ бас­шылық жаса­ды. А.Жұбанов пен Л.Ха­мидидің “Той­­­­бастары” мен “Абай” опера­сын­да­ғы Абай ариясымен ашыл­­­ған өнер фести­валі Алан­ның же­тек­шілігімен В.Моцарт­тың, Дж.Вер­­дидің, Р.Вагнердің, Р.Леон­кавал­лоның, Дж.Пуччинидің, Дж.Бизе­нің, В.Беллинидің, Э.Эл­гар­дың ең таңдаулы туынды­лары­на ұласты. Бұл кеш әдетте­гі­сін­ше Алан­ның жан әлемін, кәсіби шебер­лігін жан-жақты жарқырата ашып берді десе де болады. Ең ғажабы, өнер дары­ған отбасынан шыққан Алан­ның еліне еркелеуі де мейлінше жара­сымды көрінген. Анықтап айт­сақ, ол Нұрғиса Ті­лен­­диев атасы құсап сим­фония­лық оркестрмен көрер­мен қауым­ды өзара біртұтас ұжым­ға айнал­дырып жібергендей болды. Иә, иә, дүр­кіреген шапалақ дыбы­сын сим­фониялық оркестр үнімен астас­тырып, шығарма реңін түрлен­діре түскені бізді әрі таңғал­дырды, әрі сүйсіндірді. Бұл арада Л.Хамидидің “Бұл­бұлын” шырқаған Салтанат Ах­метова мен Дж.Вердидің “Труба­дур” операсындағы Леонора және граф ди Лунның дуэтін Варвара Фриттолимен бірігіп орындаған Талғат Мұсабаевтың көп көңілін жаулап алғанын айту ләзім. Сон­дай-ақ, кештің беташарын ашқан Сүндет Байғожин, Айгүл Ниязова, Азамат Жылтыркөзовтер қай мық­тымен болса да өнер бәсе­кесіне түсе алатындығын байқатты. Бұл жерде біз бәсекеге түсе ала­тын деген сөзді де жайдан-жай айтып отырғанымыз жоқ. Кеше ғана қиюы қашып, таланттылары күн­­көріс қамымен шартарапқа тарап кеткен өнер саласы бүгінде шын мәнінде өресі озық елдермен тізгін теңестіре бастағанын көзіміз көріп жүрген соң айтып отырмыз. Әрине, бұл жыл сайынғы өнерге қол­дау білдірудің, талантты жас­тардың өз мүмкіндігімен шектел­мей, өзгеден үйреніп, тәжірибе шың­­­дауына, кәсіби тұрғыдан өсуі­не мүмкіндік тудырудың арқа­сы деп білеміз. Ләйім, осы үрдіс үзілмегей. Жұмагүл ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ. ___________________________________ Суретті түсірген Игорь БУРГАНДИНОВ.