Спорт • 18 Қараша, 2025

Талғат Байсуфинов: Ойын тұрақтылығын сақтай алсақ нәтижеге жетеміз

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фарер аралдарына қарсы өтетін жолдастық матч алдында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов команда дайындығы, қарсыластың қарқыны және ойын тәртібінің маңыздылығы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талғат Байсуфинов: Ойын тұрақтылығын сақтай алсақ нәтижеге жетеміз

Фото: Ашық дереккөз

«Біз Фарер аралдарымен болатын кездесуді Бельгияға қарсы ойынға дайындық кезінде жоспарға енгіздік. Енді жаттығып, демаламыз. Біз бұған дейін ротация болатынын айтқанбыз және Фарер аралдары құрамасының соңғы үш ойында жақсы өнер көрсеткенін түсінеміз. Олар Черногория мен Чехияны жеңіп, Хорватиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Бірақ бірінші таймда тең түсіп, жақсы ойын көрсетті. Біз алдымызға мақсат қойып, дайындалып жатырмыз», деді Байсуфинов.

Ол ұлттық құраманың басты мақсаты – жеңіске ұмтылу екенін атап өтті. Бірақ ойын тәртібі мен тұрақтылықты сақтай білу маңызды екенін тілге тиек етті.

«Әрине, ойын тұрақтылығын сақтай алсақ нәтижеге жетеміз. Бұл жаттығу кезінде де, ойын жоспарын дайындауда да өте маңызды. Жігіттердің бәрі түсініп отыр, бәрі дұрыс болады деп ойлаймын», деді Талғат Байсуфинов

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50