Саясат • Кеше

Халық қаһарманын мерейтойымен құттықтады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатында Сенаторлар кеңесінің мүшесі, Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың 80 жасына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтой иесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан елге сіңірген еселі еңбегі үшін Президенттің Құрмет грамотасы табыс етілді. Оны Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев салтанатты түрде тапсырды.

Халық қаһарманын мерейтойымен құттықтады

«Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы Халық қаһарманы, «Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, армия генералы Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа Қазақстанның Қарулы Күштерін қалыптас­тыруға, еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігін нығайтуға қосқан ұзақ жылғы қажырлы еңбегі және жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі белсенді қоғамдық қызметі үшін тапсырылды», делінген грамотада.

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде ел-жұрт Мұхтар Алтынбаевты тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс жүйесін қалыптастыруға үлкен үлес қосқан көрнекті мемле­кет қайраткері, армия гене­ралы ретінде ерекше құрметтей­тінін атап өтті. Ол Мұхтар Қапашұлы­ның басшылығы­мен еліміздің Қарулы күштерін жаңғырту, халықаралық әс­кери ынты­мақтастықты жолға қою, кәсіби армия қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты. Сондай-ақ қайраткердің еңбек жолы парламентаризм институтымен де тығыз байланысты екеніне мән берілді.

«Мұхтар Қапашұлының ел дамуына қосқан үлесі әскери қызметпен шектелмейді. Ол Сенат депутаты бола жүріп, мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамды дамытуға арналған заңдар­дың қабылдануына белсен­ді атсалысты. Бүгінде Мұхтар Алтынбаев «Қарулы күштер ардагерлері» ұйымын басқарып, өмірін елді қорғауға арна­ған азаматтарға қолдау көр­се­тіп келеді. Сонымен қатар Сена­торлар кеңесінің мүшесі ретіндегі белсенділігін де ерек­ше атап өткен жөн», деп М.Әшімбаев мерейтой иесіне зор денсаулық және бақ-береке тіледі.

Іс-шара барысында Мұхтар Алтынбаевты әріптестері, Сенаторлар кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы­ның еңбек сіңірген қайраткер­лері, әскери қызметтегі достары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07