Сурет: primeminister.kz
Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру жөніндегі құжатқа «ӨАЗ» АҚ бас директоры Александр Будрис пен Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань қол қойды.
Ынтымақтастық бекіткіш арматураның, сорғы агрегаттары мен электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға, магистралды мұнай құбыры нысандарында отандық жабдық қолдануды кеңейтуге, сондай-ақ құбыр арматурасының қазақстандық ірі өндірушісі мен мұнай тасымалдау инфрақұрылымындағы негізгі операторларының арасында орнықты кооперацияны қалыптастыруға бағытталған.
Келісім шеңберінде тараптар «КҚК-Қ» АҚ-ны өз елімізден шыққан жоғары технологиялық материалдармен, жинақтаушы бөлшектермен әрі жабдықтармен қамтамасыз етуге, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, жабдықты жаңғырту мен сынақтан өткізуге, сондай-ақ инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті.