Қоғам • 23 Қаңтар, 2026

Яна Легкодимова ісі: Қылмыскерлер жазаны жеңілдетуді сұрады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық Яна Легкодимованы өлтіргені үшін сотталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов жазаларын жеңілдетуді сұрап, сотқа апелляциялық шағым түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яна Легкодимова ісі: Қылмыскерлер жазаны жеңілдетуді сұрады

фото: ашық дереккөз

«Жетінші арнаның» хабарлауынша, қазіргі уақытта жәбірленуші тараптың адвокаттары келіп түскен құжаттарды зерделеп жатыр. Осыдан кейін апелляциялық сот отырысы өтеді. Әзірге олар тергеу изоляторында отыр.

Апелляциялық шағымда сотталғандар жазаны жеңілдетуді сұраған. Нұсқа ретінде – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен алмастыру ұсынылуы мүмкін.

Қаза тапқан қыздың анасы Галина Легкодимова шағымды алғанын растады. Ол қызының өліміне кінәлілердің өмір бойына түрмеде отыруын талап ететінін айтқан.

Еске салайық, 2024 жылдың қазан айында Яна Легкодимова кенеттен жоғалып кеткен. Сегіз айдан кейін қыздың мәйіті Жайық өзенінен табылды. 2025 жылғы 17 қарашада судья Зарема Хамидуллина екі айға созылған сот процесінен кейін үкім шығарды. Қылмыстық іс 24 томнан тұрған.

Кейін қанды қылмысты ашқан тергеушіге мерзімінен бұрын жаңа шен берілді.

Соңғы жаңалықтар