27 Наурыз, 2015

Қазақ жігіті

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Малайзия премьер-министрінің қызына үйленді Жуырда күллі әлемнің бұқа­ралық ақпарат құрал­дары жарыса жазған Қазақстанға қатысты бір оқиға болды. Алыстағы Малайзия елінде қазақ жігіті Данияр Кесік­баев сол мемлекет премьер-ми­нис­трі­нің қызы Наджиба Разака Нуриане Наджвеге үйленді. Бұқаралық ақпарат құ­рал­- ­­дарының хабарлауынша, той премьер-министрдің Путраджая қаласындағы «Seri Perdana» атты резиденциясында өткен. Ол елдің астанасы Куала-Лумпурға жақын жерге орналасқан. Оған Малайзия королі Абдул Халим Муадзам Шах, министрлер, елшілер мен дипломаттар қатысқан. Сондай-ақ Әбу-Даби мен Сауд Арабиясынан қонақтар келген. Жас жұбайлар АҚШ-та оқып жүргенде танысқан. Порталдың мәліметінше, сал­та­натты рәсім премьер-минис­трдің резиденциясында өткен. Айта кетейік, Наджве Вашин­г­­- тондағы университеттердің бі­рін­де халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі кезде белгілі бір компанияда қызмет етеді. Ал Данияр Кесікбаев Нью-Йорктегі Колумбия университетін бітірген. Мұрат АЙТҚОЖА.