Білім • Бүгін, 09:59

Қазақстанның білім беру саласында қанша әйел жұмыс істейді?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның білім беру жүйесінде еңбек етіп жүрген педагогтердің басым көпшілігі – әйелдер. Ресми мәлімет бойынша, еліміздегі мұғалімдердің 81,9%-ы – нәзік жандылар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның білім беру саласында қанша әйел жұмыс істейді?

Фото: https://t.me/oqu_agartu

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, білім беру саласында 492 938 педагог-әйел жұмыс істейді:

  • 101 789 – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
  • 342 352 – орта білім беру ұйымдарында;
  • 2 382 – түзету-білім беру ұйымдарында; 
  • 13 239 – қосымша білім беру ұйымдарында;
  • 29 117 – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
  • 4 059 – арнайы білім беру ұйымдарында қызмет атқарып жүр. 

Президент әлемдегі ең үздік педагогтердің қатарына енген алматылық мұғалімді құттықтады

Соңғы жаңалықтар