Қоғам • Бүгін, 11:21

21 мамыр – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні

2 мин
оқу үшін

Бүгін, 21 мамырда Әуе қорғанысы күштерінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету саласында қызмет ететін мамандар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтіліп жатыр. Отандық әскери техниканың тұрақты дайындығы, ұшақтар мен тікұшақтардың мінсіз күйде болуы және елдің әуе шебін қорғау міндеттерінің мүлтіксіз орындалуы тікелей осы сала қызметкерлерінің қолында, деп хабарлайды Egemen.kz.

21 мамыр – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Қарулы күштерін инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы 1993 жылы басталды. Күрделі жағдайлар мен ресурстардың тапшылығына қарамастан, инженерлік-техникалық құрам авиацияның жауынгерлік қабілетін сақтап, оны одан әрі дамытудың негізі болды.

Бүгінгі таңда бұл қызметтің мамандары ұшақтар мен тікұшақтарды сенімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Диагностика жүргізіп, жабдықты баптайды және әуе кемелерін ұшуға дайындайды. Әр ұшудың артында инженерлердің, техниктер мен механиктердің кәсіби, үйлесімді және жауапты жұмысы тұр.

Әскери авиация мамандары тәулік бойы елдің әуе кеңістігін күзету бойынша ұшулардың орындалуын және жауынгерлік кезекшіліктің өтуін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, олар авиациялық паркті жаңғыртуға, заманауи технологияларды енгізуге және жас кадрларды оқытуға атсалысады.

Қазақстанда авиация саласына бөлінетін гранттар саны артты

Осы бейіндегі мамандарды даярлау Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде және шетелдік әскери оқу орындарында жүзеге асады.

Биыл заманауи қазақ әскерінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету бөлімшелері құрылғанына 33 жыл толуын атап өтіп жатыр. Олардың күнделікті еңбегі, жоғары кәсібилігі мен іске деген адалдығы авиацияның жауынгерлік әзірлігін нығайтып, әуе кеңістігінің қауіпсіздігі мен ел аспанының тыныштығын қамтамасыз ететін сенімді тірек.

Соңғы жаңалықтар