Қазақстан • Бүгін, 14:50

Шетелдіктер үшін ЖСН алу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша іске қосылады

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда шетел азаматтарына арналған көші-қон қызметтерін цифрландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Енді олар жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және басқа да мемлекеттік қызметтерді жаңа мобильді қосымша арқылы ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдіктер үшін ЖСН алу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша іске қосылады

Фото: Ашық дереккөз

Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Қазір еліміздің әуежайлары мен ірі өткізу бекеттерінде шетелдіктерге QR-коды бар туристік карталар таратылып жатыр. Онда Қазақстанда болу ережелері, төтенше жағдай қызметтері мен ұялы байланыс операторлары туралы маңызды ақпарат қамтылған.

Өткен жылы шамамен 80 мың шетелдік Қазақстанға ем алу үшін келген

Көші-қон процестерін одан әрі цифрландыру мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Жаңа сервис арқылы шетел азаматтары бірқатар мемлекеттік қызметті онлайн форматта пайдаланып, соның ішінде ЖСН рәсімдей алады.

Министрдің айтуынша, жаңа цифрлық қызметтерді іске қосу үшін қажетті заңнамалық түзетулер пакеті қазір Сенатта қаралып жатыр.

Еске салайық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері, консулдықтары және шетелдегі басқа да мекемелер шетел азаматтарына ЖСН беруді тоқтатқан болатын.

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады

Айта кетейік, QazETA – шетелдіктерге көші-қон және оған қатысты қызметтерді ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз түрде ұсынуға арналған «бір терезе» қағидаты бойынша құрылған мемлекеттік цифрлық платформа.

Соңғы жаңалықтар