Қоғам •

Ақтөбеде қоқыстың жанынан табылған сәбиді жаңа отбасы асырап алды

1 мин
оқу үшін

Мамыр айында Ақтөбеде қоқыс жәшігінің жанынан табылған сәби жаңа отбасы алды. Сәбидің есімі  – Батыр. Алғашында ол қалалық балалар клиникалық ауруханасында қажетті ем қабылдап, кейін 10 маусымда «Үміт» балаларды қолдау орталығына ауыстырылған. Құжаттары рәсімделгеннен кейін баланың деректері мемлекеттік порталға жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде қоқыстың жанынан табылған сәбиді жаңа отбасы асырап алды

Ресми порталға сауалнама жарияланғаннан кейін көп ұзамай сәбиді асырап алуға ниет білдірген азаматтар өтініш берген.

«Баланы асырап алуға өтініш берген азамат келіп, сәбимен танысты. Кейін оның өтініші заң талаптарына сәйкес қанағаттандырылды. Өткен аптада баланы жаңа отбасы алып кетті», деді «Үміт» балалар үйінің бас дәрігері Серік Айтукин.

Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды

Еске салсақ, 2026 жылдың мамыр айында Ақтөбедегі Тұрғындар қалашығы ауданынан жаңа туған нәресте табылған болатын. Сәбидің салмағы 2 900 грамм болды. Кейін нәрестеге Батыр есімі берілді.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта сәбидің анасын анықтау мақсатындағы жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

800 мың теңге: Павлодарда нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды

Соңғы жаңалықтар