Онда бірінші жартыжылдықтың қорытындысы шығарылды
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде алқа мәжілісі өтті. Онда ел армиясының жауынгерлік әзірлігінің өзекті мәселелері қаралып, 2015 жылғы бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындысы шығарылды.
Алқа мәжілісіне министрлік басшылығы, департамент және басқарма басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, әскери оқу орындары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары, сержанттар құрамы қатысты.
Іс-шара барысында Қарулы Күштердің сапалық жай-күйімен байланысты мәселелер, оның ішінде әскерлердің жауынгерлік әзірлігі, Қазақстан Қарулы Күштеріндегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп, оны жақсарту жөніндегі тапсырмалар талқыланды.
«Елбасы – Жоғарғы Бас қолбасшының ерекше қолдауы және мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мәселелеріне ұдайы назар аударуының арқасында армияның жалпы жай-күйі жеткілікті жақсы деңгейде», – деді алқа мәжілісінде Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
Сонымен, Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасы бойынша 2014 жылғы қазан мен 2015 жылғы шілде аралығында барлық әскер түрлері мен өңірлік қолбасшылықтарда шамамен 70 кенеттен тексеру іске асырылды. Оның ішінде: 52 тексеру Құрлық әскерлерінде, 11 – Әуе қорғанысы күштері арасында және 3 – Әскери-теңіз күштерінде. Осынау іс-шаралардың, сондай-ақ, жоспарлы тексерістердің басты мақсаты – кез келген жағдайда әскерлердің жауынгерлік қабілеттілік деңгейін арттыру.
Бұл орайда Қарулы Күштердің бөлімдері мен бөлімшелерінің шынайы жауынгерлік әзірлігін тексерудің пәрменді тетігі кенеттен тексеру болып табылады. Осыған байланысты, қорғаныс ведомствосының басшысы И.Тасмағамбетовтің қатысуымен әртүрлі өңірлерде түнгі уақытта өткізілген 5 тексерісті жүзеге асыру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
Шетел әскери сарапшыларының пікірінше, ҰҚШҰ, ШЫҰ халықаралық ұйымдарында, сондай-ақ, «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» НАТО-ның бағдарламаларында ынтымақтастық жасауда Қазақстан әскерилері маңызды жүйелі рөлді іске асырады. Әскери қызметшілер өздерінің жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейін «Дала қыраны – 2015», «Алтын үкі», «Жауынгерлік достастық – 2015», ҰҚШҰ-ның ҰЖДК, ТМД-ның армиялық ойындары секілді іс-шараларға қатысып, жоғары нәтиже көрсетуі осыны растайды.
Еліміздің барлық оқу орындарында әскери-патриоттық жұмыс белсенді жүргізілуде. Ал бірінші жартыжылдық ішінде ғана Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық паркі 4++ үлгідегі СУ-30СМ төрт жаңа үлкен маневрлі жойғыштармен жаңартылды. Бұл елдің әуе шептерінің қорғанысын анағұрлым арттырады. Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының қолдауымен үш жылдық мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау бойынша қанатқақты жоба іске асырылады. Оның бірыңғай орындаушысы «Қазақстан инжиниринг» болып табылады.
Алқа қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың бағыттары айқындалып, бірқатар тиісті тапсырмалар берілді. Бұдан өзге, мәжіліс қатысушылары аталған тетіктердің қорғаныс ведомствосының жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретіні туралы ой-пікірлерін білдірді.
«Егемен-ақпарат».

Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39
Денсаулық • Бүгін, 10:06
Семейдегі аспалы көпірден құлаған ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Бүгін, 08:46
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:35
Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, найзағай және қатты ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 08:23
Шотландия әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Спорт • Бүгін, 08:01
Марокко мен Бразилия жеңімпазды анықтай алмады
Спорт • Бүгін, 05:09
Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті
Спорт • Бүгін, 02:05
Павлодарда Ертіс өзеніне ағып кеткен ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Кеше
Семейде үлескерлерді 3 млрд теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшылары сотталды
Заң мен Тәртіп • Кеше