Мал азығын дайындаудың бастапқы кезеңінде облыста қолда бар малды қыстан шығынсыз алып шығу үшін жеткілікті жем-шөп дайындап алуда күрделі жағдай туындауы мүмкін деген абыржушылық болғаны рас. Оған себеп көктемнен бастап шілденің ортасынан ауғанша өңірде бір тамшы жаңбырдың болмауы салдарынан шабындықтардағы шөптің шығымының нашарлығы еді. Алайда, қашанда бір ісі ілгері жүретін облыс әкімі Елеусін Сағындықов мұндай қиындықтарды жеңудің жоба-жоспарын күнілгері жасап, аудан әкімдеріне мал азығын дайындауға байланысты талапты күшейтті. Жем-шөп дайындаушыларға түрлі жеңілдіктерді қарастырды. Мысалы, мал азығын дайындаушыларға берілетін жанар-жағармайды 50 пайыз арзандатуға 150,0 млн. ал тұрғындарға жем-шөп дайындаушыларды қолдауға 173,0 млн. теңге бөлді. Ал, мал азығын дайындаудың екпінді екі айлығының жеңімпаздарын марапаттауға 5,0 млн. теңге қарастырды. Жем-шөп дайындаудың барысына талап пен бақылау күшейтілді.
Аудан әкімдерінен осы шаруаның қалай атқарылып жатқаны қатаң сұралды. Облыс басшысының дер кезінде алған шаралары нәтижесін берді. Үстіміздегі жылғы тамыздың екінші жұлдызына 808,0 мың тонна мал азығы дайындалды. Мұның өзі қысқа қажетті мал азығының 70 пайызын құрайды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Ерсайын Әжібаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, облыс әкімінің өңірдің барлық тұрғындарына үндеуінен кейін халықта, әсіресе, мал азығын дайындаушылар арасында елеулі серпіліс болып, жем-шөпті өз күштерімен дайындап алуға сенімділік күшейген. Оған дәлел, облыс бойынша дайындалатын мал азығының көлемін әлде де көбейткелі отырған көрінеді. Яғни, бұған дейін облыста 1059 млн. тонна жем-шөп дайындау межеленсе, енді оны 1200 тоннаға жеткізу көзделуде.
Облыс әкімі мал азығын дайындаушылардың қимылын ширата түсу мақсатында 1 қыркүйекке дейін белгіленген межеден көрінген аудандарды ынталандыруға тағы да 5,0 млн. теңге қаржы бөліп отыр.
Сондай-ақ, жем мәселесі де оң шешілетін болыпты. Барлығы 70 мың тонна жем қажет болса, соның 57 мың тоннасын дайындауға Үкімет жәрдем бермекші. Облыс басшысы Елеусін Сағындықов бұл мәселе жайында Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен келіссөз жүргізуде.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының қарыздарын кейінге қалдыру да қарастырылуда.Үкіметтен сиырларды сақтауға 325 млн. теңге субсидия бөлінеді деп күтілуде. Бұл субсидияны алғандар да сиырлар санын кемітпеу үшін оған жем-шөп сатып алатыны сөзсіз.
Бір сөзбен айтқанда, қыстан қысылмай шығудың барлық мүмкіндіктері бар. Бастапқыда мал азығын басқа өңірлерден дайындау жолы да қарастырылған екен. Қазір ондай қажеттілік жоқ. Себебі, Ойыл ауданының өзінде ғана 10 мың тонна дайындалған пішен алушысын күтуде көрінеді. Мұндағы мал азығы анағұрлым арзан да. Осындай мүмкіндіктер бірқатар аудандарда да бар. Айналдырған бір айдың ішінде қажетті мал азығының 70 пайызын дайындап алған ақтөбеліктер науқандық жұмысты қазан айында да жүргізуге болатынын ескеріп, үдеден шығатындарына сенімді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.

Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 22:34
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:41
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:37
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35