02 Қыркүйек, 2010

Кеме “Малайсары тархан” аталды

581 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақтың жерін жоңғарлармен болған ұрыстарда қорғаған баһадүр, Абылай хан ерлігін бағалаған ер­жүрек батыр Малайсарының есімін ұлықтау – елдің өткеніне бас иіп, тағзым ету – бүгінгі ұрпаққа па­рыз. Егемендік алған еліміздің тәу­елсіздігін сақтап қалатын қазіргідей уақытта жастардың бойында пат­риоттық сезім оятатын жерімізді қорғап қалған батыр бабалар жолының ғибраты керек-ақ. 1741 жылы Абылай жоңғар­лар­дың қолына тұтқынға түседі. Сұл­танды жаудан қорғау жолында жоңғарға қарсы аттанған қазақ қосынын Малайсары батыр бастап барады. Жоңғар қоңтайшысы Қалдан-Серенге қасқайып қарсы тұрып батыр Абылайды тұтқыннан құтқарып алады. Батырдың Тархан шенді биік дәрежелі атағы бар. Малайсарының қарындасы Гауһар батырдың Қабанбай баһадүрдің жары болғаны белгілі. Міне, өткен­нің бізге жеткен парақтары осылай сыр шертеді. Батыр Жетісу жерінде, Жоңғар Алатауының батыс жота­сына жерленеді. Қазір бұл жота Малайсары жотасы деп аталатын көрінеді. Ал, біздің облыстың Май ауданының жерін батырдың тұқым-жұрағаттары қоныс еткен екен. Ауданда Малайсары батыр атындағы ауыл бар. Ғалым Жамбыл Артықбай жазған шежірелі тарих бойынша Сырым балалары қазақ-жоңғар соғыстарының кезінен Қарқаралы-Едірейден бастап осы қазіргі Май ауданы орналасқан Ертіс жағалауын мекендепті. Жу­ырда Ерлан Арын басқаратын Сұл­танмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің ғылы­ми кеңес мүшелеріне Ресейдің Тү­мен облысынан жақсы хабар келді. Сондағы кеме жасау зауытынан жа­салып шыққан жаңа теплоход Ертіс өзеніне түсіріліп, сапарларын бас­тамақшы екен. Осы елдің су-көлік саласын басқаратын министрлігінің су кемесіне қазақша атау беру жө­ніндегі ұсынысына ғалымдардың бір­ауыздан келісіп жазған Ма­лай­сары тархан есімін беру жөніндегі өтініштері қабыл алынды. Батыр атындағы алып кеменің Ертіс бой­ы­мен жүзіп бара жатқанын көр­ген­нің өзі елі үшін қорған болған ба­ба­м­ыздың аруағы алдында ақталған мың парыздың біреуі ғана болар. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.