07 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары

399 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 18 тамыз  № 822 Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 және 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 6, 62-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесінде: 1-тармақтағы “Қазақ КСР-нің 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңына” деген сөздер “Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңына” деген сөздермен ауыстырылсын; 19-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацындағы “Қазақ КСР-нің Заңы” деген сөздер “Қазақстан Республикасының Заңы” деген сөздермен ауыстырылсын; 2) “Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар” техникалық регламентін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген “Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар” техникалық регламентінде: 3-тармақтағы “1991 жылғы 5 шілдедегі” деген сөздер “2010 жылғы 4 мамырдағы” деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2010 жылғы 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. * * * Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 тамыз №848  Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы №1115 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы №1115 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 43, 467-құжат) күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. * * * Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 тамыз №849 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 408-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесінде: “Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке тұлғаларды аккредиттеуді жүргізу тәртібі” деген 2-бөлімде: 7-тармақтың оныншы абзацындагы “144” деген сандар “216” деген сандармен ауыстырылсын; “Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізу тәртібі” деген 3-бөлімде: 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: “19. Аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектісіне сыртқы кешенді бағалау нәтижелеріне сәйкес аккредиттеуші орган бекіткен нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беріледі. Сыртқы кешенді бағалаудың қорытындылары баллдық жүйе, медициналық көмек көрсету сапасының индикаторлары негізінде аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін интегралдық коэффициентті есептеу арқылы аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалауды жүргізумен аяқталады. Аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі 60 %-дан 80 %-ға дейін жеткен кезде аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектісіне 2 жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік беріледі, ал аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі 80 %-дан    100%-ға   дейін жеткен   кезде 4 жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік беріледі.”. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ * * * Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 1 қыркүйек №859  Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі № 776 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі № 776 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 237-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде: 1-тармақтың 3) тармақшасы және 2-тармақтың 4) тармақшасы “тұрақты” деген сөзден кейін “және біржолғы” деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ * * * Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 1 қыркүйек №869  Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 365-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010жылғы 1 қыркүйектегі № 869 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысымен бекітілген

Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) “Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді және Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын (бұдан әрі – Ақпарат орталығы) құру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды. 2. Ақпарат орталығы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің “Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылады. 3. Ақпарат орталығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексін, Қазақстан Республикасының “Өсімдіктер карантині туралы” 1999 жылғы 11 ақпандағы, “Өсімдіктерді қорғау туралы” 2002 жылғы 3 шілдедегі, “Ветеринария туралы” 2002 жылғы 10 шілдедегі, “Техникалық реттеу туралы” 2004 жылғы 9 қарашадағы, “Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы” 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын, “Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы ақпараттық жүйесін құру туралы келісімді бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 402 қаулысын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады. 4. Ақпарат орталығы мүдделі тараптар мен шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша: 1) қолданыстағы немесе әзірленіп жатқан техникалық регламенттер, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар (бұдан әрі – СФС шаралар), стандарттар, оларға енгізілетін өзгерістер және өнімнің, қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері; 2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі екі жақты және көп жақты сипаттағы халықаралық шарттарға мүшелігі немесе қатысуы; 3) әзірленіп жатқан және қабылданған техникалық регламенттердің, стандарттардың жобаларын немесе олар туралы ақпаратты жариялау көздері туралы құжаттардың көшірмелері мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымының (бүдан әрі – ДСҰ) Хатшылығымен, ДСҰ-ға мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау үшін құрылады. 5. Ақпарат орталығының негізгі міндеттері: 1) саудадағы техникалық кедергілер (бұдан әрі – СТК) жэне СФС шараларды қолдану бойынша занды және жеке тұлғалармен ақпарат алмасудың жедел жүйесін құру; 2) СТК саласында жэне СФС шараларды қолдану бойынша ақпараттық жүйелерді ақпараттық қамтамасыз ету, дамыту жэне жетілдіру болып табылады. 6. Ақпарат орталығы қызметінің негізгі түрлері: 1) ДСҰ Хатшылығын, ДСҰ-ға мүше елдерді, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) мүше елдерді, халықаралық ұйымдарды және басқа мүдделі тараптарды: әзірлеу процестерімен байланысты хабарламалар, қабылданған (бекітілген) және қолданысқа енгізілген техникалық регламенттер, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық жэне фитосанитарлық шаралар, стандарттар, оларға енгізілетін өзгерістер және өнімнің, қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері; техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық талаптарды, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде бұзушылық фактілері; міндетті талаптарды, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзу салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі мен саулығына зиян келтіру мен залал әкелу (осы залалдың ауырлығын ескере отырып) фактілері; техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ санитарлық және фитосанитарлық талаптарды бұзушылықты жою үшін қабылданған шаралар; халықаралық ұйымдардан және үшінші елдерден алынған, адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаны қорғауға, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі мен саулығына қауіп төндіретін өнімдер; қолданыстағы бақылау жэне тексеру рәсімдері, өндіріс пен карантин ережесі, пестицидтер мен тағамдық қоспалардың рұқсат етілетін деңгейін мақұлдау рәсімдері; қауіпті, бұл ретте ескерілетін факторларды бағалау, сондай-ақ ветеринарлық, санитарлық немесе фитосанитарлық қорғаудың тиісті деңгейін айқындау рәсімдері; карантиндік, фитосанитарлық, санитарлық және эпидемиологиялық және эпизоотикалық ахуалдың және уақытша енгізілген шаралардың нашарлауы; анықталған және таралған карантиндік объектілер (карантиндік зиянды ағзалар); халық арасында инфекциялық және жаппай инфекциялық емес ауруларды (улануларды) табу; адамның өміріне, денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына қауіпті деп табылған өнім; бірыңғай санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың ықтимал келіп түсуі; техникалық реттеу, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша жұмыстарды үйлестіретін ұлттық органдар; аккредиттеу жөніндегі орган; сертификаттау бойынша аккредиттелген және (немесе) тағайындалған органдар және аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары); техникалық реттеу, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары; сәйкестік сертификаттар және сәйкестік туралы декларациялар; техникалық реттеу, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық құқықтық құжаттар; техникалық регламенттерді әзірлеу бағдарламалары; ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды әзірлеу бағдарламалары (жоспарлары); өнімдердің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау үшін ерікті түрде қолданылуы мүмкін өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, сондай-ақ ұлттық (мемлекеттік) стандарттар; сәйкестікті бағалау (растау) саласындағы құжаттар; сәйкестігін міндетті растауға жататын өнімдер туралы құжаттар; жануарлардың қауіпті және карантиндік ауруларының тізбесі; ветеринарлық бақылауға жататын тауарлар тізбесі; карантиндік объектілер мен аса қауіпті ағзалардың тізбесі; карантиндік фитосанитарлық бақылауға жататын карантиндегі өнімдердің (карантиндегі жүктер, карантиндегі материалдар, карантиндегі тауарлар) тізбесі туралы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету; 2) ДСҰ-ға мүше елдердің, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің жэне СТК бойынша әрі СФС шаралары жөніндегі басқа да халықаралық ұйымдардың ақпарат орталықтарымен ынтымақтастықты қамтамасыз ету; 3) СТК бойынша және СФС шаралары жөніндегі ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ететін дерекқорды жэне ақпараттық жүйелерді қалыптастыру, кеңейту жэне сүйемелдеу болып табылады. 7. Өңірлердегі Ақпарат орталығының қызметін кәсіпорынның филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асырады. 2. Ақпарат орталығының жұмыс істеу тәртібі 8.Ақпарат орталыгы ДСҰ Хатшылығынан, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдерден және басқа да халықаралық ұйымдардан хабарламаның келіп түсуіне қарай оларды тоқсан сайын уәкілетті органның ресми басылымында (Ақпарат орталығының жаршысы) және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде (www.memst.kz немесе www.wto memst.kz) ай сайын орналастыруды жүзеге асырады. 9. Ақпарат орталығы осы Ереженің 8-тармагына сәйкес хабарламаларды алғаннан кейін оларды 15 жұмыс күні ішінде шет тілінен (ағылшын және басқа) мемлекеттік және орыс тілдеріне аударуды жүзеге асырады, сондай-ақ СТК бойынша және СФС шаралары бойынша алынған хабарламаларға мониторинг жүргізеді. 10. Ақпарат орталығы заңды және жеке тұлғалардың сұрау салуы бойынша оларды “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңында белгіленген тәртіппен әзірленіп жатқан, қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдері; санитарлық және фитосанитарлық шаралар, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер туралы мемлекеттік органдардың (әзірлеушілердің) ақпаратымен (түсініктемесімен) өтеусіз негізде қамтамасыз етеді. 11. Ақпарат орталығы ДСҰ Хатшылығының, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің және басқа да халықаралық ұйымдардың сұрау салуы бойынша, егер өзгесі ратификацияланған халықаралық келісімдерде (шарттарда) өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында әзірленіп жатқан техникалық регламенттерге, стандарттарға, өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдеріне; санитарлық және фитосанитарлық шараларға, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерге мемлекеттік органдардың (әзірлеушілердің) ақпаратын (түсініктемесін) береді. 12. Мемлекеттік органдар екі күн мерзімде осы Ереженің 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты ДСҰ Хатшылығына, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдерге жэне басқа да халықаралық ұйымдарга жіберу үшін СТК және СФС шараларын қабылдау немесе түсуіне қарай Ақпарат орталығына жібереді. 13. Ақпарат орталығы әзірлеушілердің деректері бойынша СТК және СФС шаралары саласындағы әзірленіп жатқан нормативтік құжаттар туралы шет (ағылшын және басқа) тілінде хабарламаны жасайды және егер ратификацияланған халықаралық келісімдерде (шарттарда) өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ДСҰ Хатшылығына, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдерге және басқа да халықаралық ұйымдарға жібереді. 14. Ақпарат орталығы СТК жэне СФС шаралары жөніндегі ақпаратқа қол жетімділікті және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында дерекқорды және ақпараттық жүйені жүргізеді және әзірлейді. * * * Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 1 қыркүйек    №870 Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1318 қаулысына өзгеріс енгізу туралы “Салық және бюджеткек төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 224-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1318 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №47, 537-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесінде: 61-тармақ алып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.