21 Қыркүйек, 2010

Экологиялық бақылау пәрменділігі

730 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм­кін­діктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының стра­тегиялық жоспарын іске асыру, халық өмірінің сапасын жақсарту, ішкі және сыртқы саясатты одан әрі дамыту жөнінде тиісті органдар алды­на нақты міндеттер қойғаны белгілі. Осыған орай, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі халықаралық стандарттарға, қоршаған орта сапа­сын тұрақтандыруға, қоғамның ор­нықты дамуға көшу негіздерін құруға сәйкес, қоршаған ортаны лас­тау деңгейін төмендетуге, қор­шаған ортаны қорғау және эколо­гиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүр­гізуде. Экологиялық жағдайдың одан әрі нашарлауының нақты және ықтимал қаупінің алдын алуға ба­ғытталған шаралар кешені жүр­гі­зіл­ді. Рұқсаттар беру кезіндегі эмис­сиялар лимиттерін белгілеуге та­лаптар күшейтілді. Өндірістік эко­логиялық бақылау рөлі, оларды жүргізу үшін табиғат пайд­а­лану­шы­лардың жауапкершілігі артты­рылды. Экология кодексіне сәйкес, эмис­сияларға рұқсат алу өтінім­де­рін қарау, сондай-ақ, табиғат пай­даланушылардың нақты орындау мерзімі мен кепілді қаржылан­ды­руы көрсетілген техникалық және ғылыми-зерттеу шаралары бар табиғат қорғау іс-шараларын келісу кезінде қоршаған ортаның норма­тивтік көрсеткіштерін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, еліміздің эко­логиялық жағдайын жақсартуда табиғат пайдаланушылардың таби­ғат қорғау іс-шаралары жоспарла­рын орындауы маңызды рөлге ие екені белгілі. Министрлік пен ко­митет осы мәселеге аса көңіл бөлу­де. Табиғат қорғау іс-шараларын орындау мәселесі 2009 жылы министрліктің алқа мәжілісінде де көтерілген болатын. Жүргізілген жұмыстар мен алға қойылған міндеттерді іске асыру нәтижесінде кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен табиғат қор­ғау іс-шараларын қаржыландыру көлемі біршама өсті. Табиғат қорғау іс-шараларын қар­жыландыру жағдайын талдау соңғы 3 жыл ішінде қаржыландыру көлемінің 2007 жылға жоспар­лан­ған 131 млрд. теңгеден 2009 жылы 139 млрд. теңгеге артқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, қар­жыны игеру 2007 жылы 144,23 млрд. теңге болса, 2009 жылы 155,2 млрд. теңгені құраған. Дегенмен, комитет тек табиғат қорғау іс-шараларына бөлінген қаражат сомасына ғана емес, олар­ды тұрақты бақылауға ала отырып, өз кезегінде нақты нәтижелер бе­ретін іс-шаралардың орындалуына және экологиялық тиімділігіне көп көңіл бөлетіндігін атап өту қажет. Атап айтсам, табиғат қорғау іс-шараларының жоспарын іске асыру ластаушы заттар шығарынды­лары­ның мөлшерін 2009 жылы (2,653 млн. тонна) 2008 жылмен салыс­тыр­­ғанда (2,794 млн. тонна) 141 мың тоннаға, ал 2007 жылмен салыс­тырғанда (2,943 млн.тонна) 290 мың тоннаға төмендетуге мүм­кіндік берді. Сонымен бірге, рес­публика аймақтарындағы техноген­дік жүктемені төмендету және эко­логиялық жағдайды жақсарту саясатын іске асыру барысында жыл сайын рұқсат етілген эмис­сиялар мөлшері азаю үстінде. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы қоршаған ортаға рұқсат етілген эмиссиялар мөлшері: – ластаушы заттардың шыға­рын­дылары бойынша 3,3 млн. тон­надан 3,1 млн. тоннаға дейін не­месе 6,1 пайызға; – ластаушы заттардың төгін­ді­лері бойынша 2,9 млн. тоннадан 2,85 млн. тоннаға дейін немесе 1,8 пайызға; – қалдықтарды орналастыру бой­ынша 1190,3 млн. тоннадан 907,365 млн. тоннаға дейін немесе 22 пайызға төмендеді. Комитет үнемі табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын іске асыру, іс-шаралардың экологиялық тиімділігін бағалауды бақылау жө­нінде жұмыстар жүргізеді. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру өтінімдерін қарау ке­зін­де бұған дейінгі белгіленген табиғат қорғау іс-шараларының орындалуына ерекше көңіл бө­лі­неді. Сонымен қатар, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытын­ды­сын, қоршаған ортаға эмиссия­лардың рұқсатын алған соң және табиғат қорғау іс-шараларының жос­пары бекітілгеннен кейін, көп жағдайда табиғат пайдаланушылар эмиссиялар көлемін ұлғайту бой­ын­ша эмиссиялар нормативтері жо­баларына бірнеше рет түзетулер енгізу фактілері орын алады. Сондықтан, табиғат қорғау іс-шараларының жоспарын орындауда көптеген кемшіліктер анықталған­дық­тан, министрліктің экология­лық реттеу және бақылау комите­тімен ірі табиғат пайдаланушылар тарапынан табиғат қорғау іс-ша­раларының соңғы 3-4 жылда орындалуына талдау жүргізілді. Өзгерту енгізілген тұста эмис­сиялар көлемінің ұлғаюын нақты негіздеу және қоршаған ортаға эмис­сияларға рұқсат алу өтінім­де­рінің тиісті материалдарын қарау кезінде табиғат қорғау іс-шаралары жоспарларына талаптарды күшейту, іс-шараларды іске асыру мерзім­де­рін үнемі ауыстыру бөлігінде та­биғат қорғау іс-шараларының жоспарларын түзетуге жол бермеу қажеттілігі ескертіледі. Барлық табиғат пайдаланушы­лардың назарын қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу кезіндегі талаптарды, сондай-ақ, табиғат қорғау іс-шараларын белгіленген мерзімде орындамау жағдайында комитет рұқсаттарды қайтарып алу және кәсіпорынның қызметін тоқтатуға шейін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат қызметін тоқтатуға бастамашылық ететіндігін атап көрсеткен жөн. Аталған мәселені қорыта келе, табиғат қорғау іс-шараларын орын­даудың еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту үдерісіндегі маңызды мәселелердің бірі екенін және оның комитет тарапынан тұрақты бақылауға алынғандығын тағы бір мәрте атап айтқым келеді. Яғни, экологиялық реттеу құ­рал­дарын жетілдіру еліміздегі биз­нес-климат жағдайын жақсартуға және табиғат қорғау құжаттамала­рын рәсімдеу кезіндегі процеду­ра­ларды жеңілдетуге бағытталған. Сонымен қатар, аталған өзгерістер ішкі бақылауды және бақылаушы органдар алдындағы табиғат пайда­ланушылардың жауапкершілігін арттыруды, сондай-ақ, өздері қа­был­даған міндеттемелерді орында­ма­ған жағдайда экологиялық ықпал ету шараларын қатаңдатуды көз­дейді. Сонымен қатар, қоршаған орта сапасын реттеудің экологиялық тетіктерінің маңызды рөлі тағы да көрініс табады. Әсіресе, табиғат пай­даланушылардың назарын та­биғат қорғау іс-шаралары жоспары­ның мазмұнына ғана емес, олардың негізгі мақсатына – іс-шараларды жоспарлау кезіндегі экологиялық тиімділігіне баса көңіл бөлу қа­жеттілігіне аудару қажет. Сағынбек МҰТАШЕВ, Қоршаған ортаны қорғау  министрлігі экологиялық реттеу және бақылау  комитетінің төрағасы.