Таяуда мен троллейбуста келе жатып екі әйелдің әңгімесіне еріксіз куә болдым. Әңгіме ауанына қарағанда, біреуі алматылық та, екіншісі Жамбыл облысынан келген. Алыстан келгені қызуланып: “Қазір нағыз өмір үлкен қалаларда өтіп жатыр – театрлар, институттар, тіпті банктердің барлығы Алматыда. Ал біз не естейміз? Үнемі іс тындыру үшін орталықтарға бару керек!”. Қысқасы, бұл әйел тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартқа отыру үшін арнайы Алматыға келген. Өйткені, ол кісі тұратын аудан орталығында “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” филиалы жоқ көрінеді. Мен амалсыздан кешірім сұрап, әңгімеге араласуға мәжбүр болдым. Жаңағы әйел тұратын елді мекенде “Қазпоштаның” немесе Халық банкінің бөлімшелері бар-жоқтығын сұрастырдым. Мен оларға “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” осылармен жұмыс істейтіндігін және келісім-шарт жасасу үшін Алматыға, тіпті облыс орталықтарына бармай-ақ, осы ұйымдар арқылы жұмыс істеуге болатындығын түсіндірдім. Білмегендіктен, мұндай қателікке көптеген ауылдықтар ұрынып, әуре-сарсаңға түсіп жатады. Тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесіне қатысу үшін алысқа ұзамай-ақ, “Қазпошта” және Халық банкі арқылы әрекет етуге болады. Өйткені, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” 2003 және 2005 жылдары аталмыш ұйымдармен агенттік қызмет көрсету туралы келісімге келген.
“Қазпошта” және Қазақстан Халық банкімен қол жеткізілген әріптестік тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесін алыс аудандардың ең шалғай елді мекендеріне жетеледі. Яғни, ТҚЖБ агенттерінің еліміздің түкпір-түкпірінде филиалдары, кассалық-есептесу бөлімдері мен банкоматтары бар. Бүгінгі таңда “Қазпоштаның” 177 бөлімшесі, Қазақстан Халық банкінің 176 бөлімшесі мен 1600-ден астам банкоматы агенттік қызмет көрсетеді. Бұл ынтымақтастықтың артықшылығы – ол екі астана мен облыс орталықтарын ғана емес, ең шалғайдағы тұрғындарды да қамтып, құрметтеп отыр. Тіпті алматылықтардың өзі де төлем жасау үшін банктің орталық кеңсесіне шапқыламайды. “Қазпошта” мен Халық банкінің кез келген бөлімшесінде төлем жүргізіп, ал ҚХБ карточкасының иелері ай сайынғы салым жарналарын немесе қарыздарын тәуліктің кез келген мезгілінде, кез келген банкоматта, кезекке тұрмай-ақ, бар болғаны 30 теңгеге төлеуге болады, бұл - аталмыш банктің комиссиясы.
Осы әңгімеге орай, біздер “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Асқар Қалиевтан “Қазпошта” және Халық банкімен әріптестік клиенттерге қаншалықты қолайлы екенін толығырақ айтып беруді өтінген едік.
– Асқар Ғаниұлы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің агенттері нақты қандай қызмет ұсынады?
– Клиент немесе банктің клиенті болғысы келетіндер агенттер арқылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы кеңестер, қолданыстағы тарифтік бағдарламалар туралы толық ақпараттар алып, тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт жасай алады. Біздің агенттер клиенттің жағдайы мен мүмкіндігіне қарай, қажетті келісім-шарт сомасын, жинақ жарнасының көлемін және келешектегі қарызды қайтару көлемі қаншалықты болатындығын есептеп, тарифтік бағдарламаны таңдауға көмектеседі. Тұрғын үй құрылыс жинағы келісім-шартына қызмет көрсету барысында (мәселен, бір жылдан кейін делік) клиент “Қазпоштаға” немесе Халық банкіне барып, келісім-шарт жасайды және алдағы уақытта тұрғын үй заемын алуға қатысты кеңестер ала алады. Менеджер салым жарнасын қайта есептеп, клиенттің сол кездегі қаржылық мүмкіндігіне қарай, жарна көлемін көбейтуге немесе азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ, салымдардың көлеміне қарай, қажетті қаражат қай кезде жинақталып болатындығын және қай уақытта тұрғын үй заемын алуға болатындығын есептеп береді.
– Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жасалған келісім-шарттар мен агенттер арқылы жасалған келісім-шарттарда айырмашылық бар ма?
– Банктің барлық артықшылықтары “Қазпошта” мен Халық банкінің бөлімшелерінде жасалған келісім-шарттарға да қатысты жүреді. Бәрінен бұрын, бұл дегеніңіз ең төмен ставкамен – 3,5 пайыздан бастап 5 пайызға дейін несие алудың мүмкіндігі. Атап өту қажет, тұрғын үй заемының сыйақы көлемі тұрғын құрылыс жинағы жүйесі туралы келісім-шартқа отырғанда белгіленеді, келісім-шарт талаптары орындалғаннан кейін клиенттер біздің банктен алдын ала келісілген сыйақы ставкасы бойынша несие ала алады. Тұрғын үй заемына қызмет көрсетудің барлық кезеңінде сыйақы көлемі өзгермейді.
Мұнан бөлек, мемлекет тарапынан өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетіндер жыл сайын сыйлықақымен көтермеленіп отырады. Тұрғын үй заемын алғаннан кейін, заемшыға салықтық жеңілдіктер ұсынылады: жұмыс беруші клиенттің жалақысын көтерген кезде заем бойынша сыйақы көлеміне табыс салығы салынбайды. Бұл үшін қарызгер қажетті құжаттарды жұмыс орнындағы бухгалтерияға өткізу қажет.
Банк уақыт үдерісіне де ілесіп келеді, яғни өзінің әріптестерімен веб-серверлердің көмегі арқылы жұмыс істейді. Бұл “Қазпошта” мен Халық банкінің қызметкерлеріне тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарттар жасауға, ТҚЖБ атынан клиенттерге есеп-шот ашуға, салымдарды есептеуге, жинақтар бойынша сыйақы мен нақты уақыт тәртібімен мемлекеттік сыйлықақыны есептеуге мүмкіндік береді.
– Клиент “Қазпошта” және Халық банкі арқылы есеп-шотты қалай ашады? Несие туралы келісім-шартты қалай рәсімдеу керек? Қарызды қалай жабуға болады?
– “Қазпошта” мен Халық банкінің бөлімшелерінде тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартқа отырып, шот ашу үшін өзімен бірге СТН/ ... және жеке куәлігінің өзін алып бару керек. Егер келісім-шарт балаға жасалынатын болса, онда қосымша туу туралы куәлікті, егер басқа үшінші адамға болса, сенімхат ұсынылады және қаржылық мүмкіндігіне қарай клиент қажетті тарифтік бағдарламаны таңдайды (“Бастау”, “Өркен”, “Кемел”, “Болашақ”) және келісім-шарт сомасын анықтап алады. Келісім-шарт сомасының 0,5 пайызы болатын комиссиялық өтемді төлейді (кемі 5 мың теңге) және және салымның тиісті бастапқы жарнасын төлейді.
Қысқасы, Асқар Ғаниұлы берген түсініктемелер келешекте тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы баспаналы болып немесе өзінің үйін кеңейткісі келетіндерге игі септігін тигізеді деп сенеміз. Егер де жоғарыда троллейбуста кездескен әйел осының бәрінен хабардар болғанда уақытын да, қаражатын да үнемдеген болар еді.
Айнаш ЕСАЛИ.
Қосымша ақпараттарды “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-тың төмендегі телефондары бойынша білуге болады:
Алматы қ. – 279-25-55, 377-18-45, Қызылорда қ. – 26-26-64, Көкшетау қ. –25-63-04, Талдықорған қ. – 24-79- 72, Тараз қ. – 42-58-60, Шымкент қ. – 21-33-62, Павлодар қ. – 34-08-99, Өскемен қ. – 47-54-72, Қарағанды қ. – 43-62-52, Қостанай қ. – 53-38-20, Орал қ. – 54-36-36, Атырау қ. – 32-04-00, Актау қ. – 43-96-91, Астана қ. – 40-72-77, 36-19-07, Ақтөбе қ. – 55-72-21, Петропавл қ. 42-79-94, Семей қ. 52-22-90, немесе www.hcsbk.kz сайтында