12 Қазан, 2010

Ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті бар

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Иран Ислам Рес­публикасының Ислам жи­на­лысы — Меджлисінің (Парламенті) Төрағасы Әли Ардашир Ларид­жа­ниді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­дентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақ­стан-Иран экономикалық ынты­мақтастығын дамыту, өңірлік қауіп­сіздік, сондай-ақ парла­мент­аралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Кездесуден кейін жур­на­листерге арналған брифингте Ә.Лариджани Қазақстан-Иран ынтымақтастығының жоғары әлеуеті бар екенін, ол бүкіл өңірді дамытуда және оның қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқара­ты­нын атап өтті. Екі елді Каспий теңізі байланыстырады, ал таяу уақытта сауда-экономикалық се­ріктестікті келесі жылы іске қо­сылатын жаңа темір жол нығайта түседі. Ә.Лариджани Қазақстан Пре­зи­дентінің халықаралық баста­маларына жоғары баға берді. – Қазақстан – бұл ЕҚЫҰ-ны басқарып отырған Орталық Азиядағы алғашқы ел. Біз сіз­дер­дің республикаларыңыздың бұл жетістігін өте жоғары бағалай­мыз. Біз сондай-ақ Қазақстан­ның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығына үлкен үміт артамыз. Мен Қазақстан Батыс пен Шы­ғыстың арасын байланыстыратын буын бола алады деп ойлаймын. Иран Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси бағытын толық қолдайды, – деді Ә.Лариджани. ---------------------------------- Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.