12 Қазан, 2010

Елбасы қабылдады

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. А.Жұмағалиев Мемлекет бас­шы­сын министрліктің ағымдағы жұмысы, атап айтқанда, “элек­трон­ды үкімет” үшін инфра­құ­ры­лымды жетілдіру саласындағы жұмысы туралы және мемлекеттік органдардың бизнеске электрон­ды қызмет көрсету үдерісін ав­то­мат­тандыру барысы туралы хабар­дар етті. Министр бүгінгі күнге дейін 800 мыңнан астам электронды анықтама берілгенін мәлімдеді. Президент министрліктің басшылығына халыққа элек­трон­ды қызмет көрсетуді кеңейту жө­ніндегі жұмысты жалғастыруды,  электрондық лицензиялау жүйе­сі­не ерекше көңіл бөлуді, биз­нес­мендердің рұқсат ету құжаттарын алу ресімін жеңілдетуді тапсырды. Кездесу барысында сондай-ақ ақпараттық кеңістікті дамыту са­ласындағы жұмыстар туралы, атап айтқанда, сандық телеви­зия­ны енгізу туралы әңгіме болды. – Мемлекет басшысының тап­сырмасы бойынша, 2010 жыл­дың соңында Қазақстанда спут­ник­тік сандық телевизияны іске қосу қажет. Аталған шара жеке­ле­ген өңірлердің тұрғындарын қосқанда еліміздің барша халқына қазақстандық телебағдарлама­лар­ды көруге мүмкіндік береді. Сан­дық спутниктік телехабарларын тарату жобасы ақпараттық теңсіздікті еңсеруге бағытталған, – деді журналистерге арналған брифингте А.Жұмағалиев.