13 Қазан, 2010

Бас хатшымен кездесті

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы М.Кротовты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Сенат Төрағасы ТМД елдері арасында парламентаралық үнқатысудың дамуына қанағаттанғандық білдірді және “Парламентаралық Ассамблеяның елеулі беделі бар және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының органдар жүйе­сін­де жетекші орындардың бірін иемденіп отыр”, деді. Ол ТМД ел­дері парламентшілерінің ха­лық­аралық бірлестіктер аясында өзара тығыз іс-қимылы қажетті­гін де айтты. Өз кезегінде М.Кротов Қыр­ғыз­стандағы парламенттік сайлау нәтижелері туралы хабардар етті. Оған ТМД Парламентаралық Ассамблеясының миссиясы қа­тысқан болатын. Ол сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға­лық етуіне арналған, “ЕҚЫҰ және ТМД: жаңа мүмкіндіктер мен келешек” тақырыбы бойын­ша 2010 жылғы 28 қазанда Санкт-Петербургте өткізу жос­пар­ланып отырған халықаралық пар­ламенттік конференцияға әзірлік барысы туралы әңгімеледі. Әңгіме барысында Бас хатшы Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Феде­рация Кеңесі­нің төрағасы – ТМД ПА Ке­ңе­сінің төрағасы С.Мироновтың Дос­тастық аясындағы парла­мент­аралық ынтымақтастықты кеңей­ту үшін  Қазақстанға алда­ғы сапары туралы хабардар етті.