13 Қазан, 2010

Орталық Азиядағы сенімді серіктес

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының Төрағасы Норберт Ламмертпен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мәжіліс Төрағасы өз сөзін мәртебелі мейманды батыс және шығыс Германияның біріккеніне 20 жыл толуымен құттықтаудан бас­та­ды. Кездесуде тараптар екі елдің Мемлекет басшыларының ынты­мақ­тастық байланысты дамытуға қосып отырған үлестерін атап өтті. Мәселен, Қазақстан Президенті Гер­манияға 6 рет сапармен барға­ны, өз кезегінде Германия бас­шы­лығы да Қазақстанда бірнеше рет болғаны, жоғары деңгейдегі кез­де­сулерде маңызды келіссөздерге қол жеткізілгені айтылды. Екі елдің ынтымағы арта тү­суіне Қазақстанның Германиядағы жылы аясында атқарылған іс-ша­ра­лар оң әсерін тигізді. Сонымен қа­тар, үстіміздегі жылы  Германия­ның Қазақстандағы жылы да та­бысты өтуде. Саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік байланыстар қарқын алды. Бундестаг Төрағасы Германия Қазақстанды Орталық Азиядағы сенім­ді әріптесі деп санайтынын мәлім етті. Кездесуден кейін Нор­берт Ламмерт  Мәжілістің құрметті қонақтар кітабына тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды. *  *  * Сондай-ақ “Алатау” спорт кешенінде Германияның Қазақ­стандағы елшілігінің ұйымдас­тыруы­мен Астана  оқушыларының арасында шағын футболдан тур­нир басталды. Германия Бун­дес­тагының (Парламентінің) Төрағасы Норберт Ламмерт пен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов осы шараның ашылуына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.