13 Қазан, 2010

Астана Саммитіне әзірлік

367 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің міндеттемелер шолуынан басталды Варшавада 30 қыркүйек пен 8 қазан аралығында соңғы он бір жылдан кейін өткелі отырған Ұйым Саммитіне ресми әзірлік аясында ЕҚЫҰ Шолу конферен­циясының бірінші бөлігі өтті. Әдетте шолу конференциялары осындай үлкен саммиттер қарсаңында ұйымдастыры­ла­ды. Онда қатысушы мемлекеттер Ұйым аясында өздеріне алған міндеттемелердің орындалу барысын қарайды. Сыртқы істер министрлері Кеңесінің шешіміне сәйкес биылғы жылы шолу конференциясы қазан мен қарашада Варшавада, Вена мен Астанада өтеді. Онда Астанада 1-2 желтоқсанда болатын Саммитке әзірлік мәселелері қарастыры­ла­ды. Варшавада өткен шолу конференция­сы­ның пленар­лық мәжілісінің ашы­луын­да сөйлеген еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбаса­ры, ЕҚЫҰ Іс басындағы төр­аға­­сының арнаулы өкілі Кон­стантин Жигалов 1975 жы­лы Хельсинки Қорытынды актісі­не қол қойылған сәттен бері елеулі ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін атап көр­сет­ті. “ЕҚЫҰ өңіріндегі адамдар бүгінде бұрынғыдан әлдеқайда ашық саяси және экономи­калық жүйелерде өмір сүреді және әскери-саяси шиеленіс­тер, Хельсинки үдерісінің бастауында болғанындай, оларға салмақ түсірмейді”, деді ол. Алайда, өкінішке орай, Қорытынды актінің қағидаттары мен ЕҚЫҰ міндет­те­мелері бүгінде толық мәнінде сақталып, жүзеге асырылып отырған жоқ. Күш қолдану бұрынғысын­ша дау­лар­ды реттеудің мүмкіндігі ретінде қарастырылады, сондықтан да осы күнге дейін мемлекеттер арасындағы қақтығыс қау­пі жойылып біткен жоқ. Тіпті жай қару-жарақты бақылау үдерісі ты­ғы­рыққа тіреліп қалды. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея­сы­ның президенті Петрос Эфтимиу айт­қа­нындай, шолу конференциясының мақсаты “бір мәселеге келіп тіреледі: біздің үкіметтер ЕҚЫҰ-ға қатысушы басқа мемлекеттерге және біздің бәрі­мізге – азаматтарға қатысты өздері қа­был­даған міндеттемелерді ұстана ма?”. Варшавада өткен шолу конфе­рен­циясының бірінші бөлігі аясында адами өлшемдер саласындағы міндеттемелер – адам құқықтарын сақ­тау, демократиялық бас­қару және толеранттылықты іл­ге­рілету мәселелері қаралды. Ал 18-26 қазанда Венада мөлдірлік және ынты­мақтастық деңгейін арттыру секілді әскери-саяси өлшемдегі және экономи­калық-экологиялық өлшемдегі ақылға сыйымды басқаруды ілгерілету мәселесі қарастырылады. Ал Астанада 26-28 қарашада өтетін шолу конферен­ция­сының соңғы бөлігінде тағы да адами өлшемдерге айрықша назар аударылмақ. ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо ЕҚЫҰ ұсынған бас­қару моделі сәтті болып табыла­тынын, алайда тұрақты назарда ұстауды талап ететінін мәлімдеді. “Ұйымның негізіне алынған мақсатты ой-ниеттерді жүзеге асыру ісінде ЕҚЫҰ әр мем­ле­кеттің белсене қатысуын және олардың саяси ізгі ерік-жігерін қажет етеді. Бұл жанды жоба ынтымақтастықты негіз ететін теңдік және қауіпсіздік рухы қағидаттары негізінде тұрақты жетіл­діріліп отырады”. Польша мемлекеттік хатшысының орынбасары Гражина Бернатович шолу конференциясы кезінде атқарылуға тиіс жұмыстар Астанадағы Саммиттің ерекше әлеуетін көрсететінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Астанадағы ұлы жиын “мемлекеттер арасындағы өзара сенімді қалпына келтіру үдерісіндегі, сондай-ақ Ұйым беделін нығайтып, оның қызметін жандандырудағы маңызды кезең” болады. Шолу конференциясына төрт жүзге жуық үкіметтік емес ұйымдар қаты­суда. Олардың жұмыс сессияларына толық қолжетімділігі қамтамасыз етілген және үкіметтер өкілдерімен тең жағдайда өзекті проблемаларды тал­қылай алады. Талғат ЖҰМАҒҰЛОВ, “Егемен Қазақстан” – Венадан.