16 Қазан, 2010

Елшінің миссиясы аяқталды

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 13 қазанда Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл Қазақстан Респуб­ли­касының Түрік Республика­сын­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Б.Әміреевті осы елдегі оның дип­ломатиялық жұмысының аяқ­та­луына байланысты қабылдады. Түркия Президенті Қазақстан-Түркия қатынастарының жай-күйіне жоғары баға берді. Ол Қа­зақ­стан Президентінің бастамасы бойынша Түркі кеңесінің құры­луы­ның, екі ел арасындағы Страте­гия­лық әріптестік туралы шартқа қол қойылуының, АӨСШК-ге төраға­лықтың Қазақстаннан Түркияға өтуінің, сондай-ақ соңғы жыл ішін­де жеті рет кездескен екі мемлекет басшылары арасындағы тығыз бай­ланыстардың қазақ-түрік қатынас­тары­ның жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанының жарқын куәсі болып отырғанын атап өтті. Кездесу соңында А.Гүл Қазақ­стан Президенті Н.Назарбаевқа өзінің ең ізгі тілектерін жеткізді және екі халықтың одан әрі жа­қын­дасуы үшін қажеттінің бәрін жасауға әзір екендігіне сендірді, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ли­касының Түрік Республикасындағы елшілігінен.